astana-view

«Атамекен» Каспийдегі шағын және орта бизнеске игерілмеген нарықтар тауып береді

2016 жылғы 02 Ақпан
8674 просмотров

Маңғыстау облысы әкімі жергілікті шағын және орта бизнесті қолдауда «Атамекен» ҰКП көмегіне сенім артады.

2016 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді. Бұл жайлы бүгін, palata.kz журналистерінің сұрауымен өңірдегі бизнестің қаржылық хал-ахуалын бағалай отырып, облыс басшысы Алик Айдарбаев хабарлады. Ол хал-ахуалды толық бағалай отырып, шағын және орта бизнес саласындағы адамдар мен субъектілердің үлесі «өңірдің экономикасына салған салымы мен бюджетке құйған аударымдарын қоса есептегенде өсіп келе жатқанын» атап өтті. «Бұл деген сөз, динамиканың оң екенін көрсетеді. Шағын және орта бизнес әрі қарай дамымайды деген қауіп-қатер бізде жоқ», – деп мәлімдеді әкім.

Сонымен қатар, өңірде дағдарыс тікелей әсер еткен кәсіпкерлер де бар.

«Әрине, ірі мұнай компанияларымен жұмыс істейтін шағын және орта бизнес өкілдері де бар. Әрі бұл сектордағы инвестиция көлемі  азайды», – деді А.Айдарбаев. Дегенмен, мұнай саласында қызмет көрсететін шағын және орта бизнестің шығыны жаңа игерілмеген нарықтар табу арқылы өтелетінін атап өтті. «Мұнай секторы емес, қызмет саласы, бұл сала әлі толық игерілмеді, сондықтан шағын және орта бизнес осы салалаларда дамуы тиіс», – деді әкім.

Сондай-ақ, ол жергілікті кәсіпкерлер үшін дағдарысқа қарсы ұсынымдарды тек қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың барысын ғана емес, шағын және орта бизнестің дамуын да бақылап отыру үшін де құрылған, Маңғыстау экономикалық кеңесінің мүшелері де әзірлеп жатқанын айтты. «Мысалы, осы жылы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, туризмді дамытуға және атап айтқанда, несиені арзандату үшін 960 млн. теңге бөлеміз» – деді әкім.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер