astana-view

Барлық жол «Атамекенге» апарады

2016 жылғы 04 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
9549 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының филиалы бизнесменнің проблемасын назардан тыс қалдырмады

Салық заңнамаларының талабына сәйкес, кәсіпкерлер деректерді тіркеу және жіберу функциясы бар БКМ (Бақылау касса машинасын) қолдануға міндетті екені бәріне белгілі. Заңның талаптарын адал орындай отырып, Жамбыл ауданы Благовещенка аулында жанармай құю бекетінде бөлшектеме бензин сатумен айналысатын жеке кәсіпкер Павел Бушковский тиісті БКМ сатып алып, барлық қажетті шараларды орындады. Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданындағы филиалы оның БКМ-ын oofd.kz  порталында тіркеуге көмек көрсетеді жәнек 2015 жылдың қазанынан бастап «Қазақтелеком» АҚ аудандық өкілдері оның БКМ-ын деректер жіберу арнасына қосады.

Алайда, оның БКМ деректерді жіберу функциясын сол күйі жүзеге асыра алмайды. Былай айтқанда, жеке кәсіпкер оны жұмысқа қолдана алмаған. Өкінішке орай, П.Бушковский немқұрайлықтың шеңберіне түсіп қалады. Аппаратын тексерту үшін ол бірнеше рет сервистік компанияға барады. Ешқандай техникалық себеп таппағандықтан, сервистік компанияның мамандары оны «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалына жібереді. «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері байланыс арнасынан ешқандай ақау таппай, қайтадан сервистік компанияға жөн сілтейді. Кәсіпкер үш ай бойы осылай айналып жүрген.

Павел Бушковский өзінің қауіпті жағдайын сезінгендіктен, филиалға хабарласып, осы іске арласуын және көмек көрсетуін сұрады. Себебі, бұл оқиға кәсіпкердің өзіне қарсы бағытта жүре бастайды. Тексеруге қойылған мароторий аяқталған, салық органдары оны енді әкімшілік жауапкершілікке таруға құқылы, яғни 15 АЕК (31815 теңге) айыппұл салады.

Филиалдың директоры Наталья Лазарева кәсіпкердің проблемасын көтеріп, тікелей Жамбыл аудандық байланыс мекемесіне хабарласады. Артынша екі күннен соң, Павел Бушковский филиалға телефон соғып, проблеманың шешілгенін хабарлаған. Яғни, касса машинасы дұрыс жұмыс істеп, дерек жіберу функциясын жүзеге асыра бастаған. Кәсіпкер көмектері үшін Палата филиалына алғысын білдіріп, енді ол тағыда проблема туса қайда хабарласу керектігін білетінін айтқан.

Әрине, филиал бизнесті қорғау бойынша тағы бір жанжалды шешуге көмек көрсетті, бірақ, жалпы мұндай оқиғаның аз болғаны дұрыс. Бұл үшін жәрдем сұраушылардың проблемасынан теріс айналмай, оны өзіңің жеке ісің сияқты қарау керек. Мұндай қарым-қатынас жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі үшін де, енді жұмыс істеуді ойға алып жүрген тұлға үшін де пайдалы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер