astana-view

Дені сау болар еді...

2016 жылғы 05 Ақпан
8991 просмотров

ҰКП-да Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды

Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жеке әріптестікті енгізу механизмдері қандай? Кәсіпкерлер денсаулық сақтаудың бірыңғай инфрақұрлымдарын дамытуға қатыса алуы мүмкін бе? Болжамды бағаларды қалыптастыру кезінде теңгенің долларға өзгеру бағамы әсер ете ала ма? Дәрі-дәрмек өнімдерінің баға белгілеу механизмі оңтайлана ма және ТМККТ және ММСЖ аясында медициналық көмек көрсетуде және зертханалық зерттеулер жүргізуде жеке сектордың мүмкіндігі кеңейді ме?

Осы және басқа да мәселелер Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов пен бизнес-құрылымдары, салалық қауымдастықтар, жергілікті кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен «Атамекен» ҰКП жиынында талқыланды.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жобасымен таныстыру кезінде вице-министр Елжан Біртанов бұл құжаттың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында және халықтың денсаулығын нығайту үшін әзірленгенін атап өтті. Жоба – қоғамдық денсаулық жүйесін (ҚДЖ) дамытуды, қоғамдық денсаулық қызметін құруды және сектораралық ынтымақтастықты дамытуды, қоғамдық денсаулық саласының басымдықтарын белгілеуді және ҚТЖ құру үшін ұлттық инфрақұрылымдарды анықтауды көздейді.  

Мемлекет үшін бұл бағдарламаны жүзеге асырудың күтілетін нәтижелері: әмбебап/тұтас медициналық көмекті қамту; азаматтардың ортақ жауапкершілігі мен денсаулықты нығайтуға мүдделілігі; қызметтерді тұтыну мен шығындар көлемін теңестіретін денсаулық сақтау жүйесі; денсаулық сақтауға жеке инвестициясы мен басқару тәжірибелерін  тарту; ресурстарды пайдаланудың тиімділігін көтеру.

Жұмыс берушілер үшін: еңбек ресурстының сапасын жақсарту; денсаулық сақтауды дамытудың ортақ жауапкершілігі; денсаулық сақтау саласын инвестициялаудың мүмкіндігі; 

Медицина саласы үшін: межелі нәтижені бағытталған қаржыландырудың тұрақтылығы; еңбек ақы төлеу жүйесінің жетілдірілуі; жалақы алуда бәсекелестік қабілетке ие болу мүмкіндігі; жаңа медициналық технологияны енгізу және негізгі құралдарды уақытында жаңартып отыру; ақпараттық технологияларды дамыту.

Вице-министр Елжан Біртанов сондай-ақ, кәсіпкерлерді қызықтырған денсаулықсақтаудың бірыңғай инфрақұрылымдарын дамытуға жеке сектордың қатысуы, дәрі-дәрмек өнімдеріне баға белгілеу механизмдерін оңтайландыру және ТМККТ және ММСЖ аясында медициналық көмек көрсетуде және зертханалық зерттеулер жүргізуде жеке сектордың мүмкіндігін кеңейту, ерікті медициналық сақтандыруды дамыту және ММСЖ қаржы есебінен ЕМС аясында медициналық қызметтерді төлеу механизмдерін енгізу сияқты бірқатар сұрақтарына жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер