astana-view

Тегеранның есігі айқара ашық

2016 жылғы 08 Ақпан
8190 просмотров

Қазақстан-Иран Іскерлік кеңесі екі елдің стратегиялық әріптестігін нығайтпақ

Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда Қазақстан мен Иранның Іскерлік кеңесі жұмысын бастады. 2015 жылдың қазан айында Қазақстан Сыртқы сауда палатасы және Иранның Сауда-Өнеркәсіп палатасы арасында  Қазақстан мен Иранның Іскерлік кеңестерінің ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылған болатын, соның аясында ҚР ССП сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенділендіру жөніндегі Іскерлік кеңес отырыстарын ұйымдастырады.

«Біздің елдеріміздің Іскерлік кеңестерінің жұмысын белсенділендіру және тиімділігін арттыру мақсатында ІК қызметін шоғырландырушы негізгі міндеттерді қарастыруды ұсынамыз, және де бірнеше түйінді бағыттарды белгілеп алғымыз келеді. Бұл – іскерлік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған нақты мүмкіндіктерді анықтау, екіжақты ынтымақтастыққа тән проблемаларды талдау, кедергілерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, біздің елдеріміздің іскерлік орта өкілдерінің сұхбаттасуы мен қарым-қатынасы үшін қосымша мүмкіндіктер жасау.

Егер Иран нарығын талдайтын болсақ, онда бүгінгі күні бірнеше ондаған тауарларға сұраныс бар, сол бойынша Иранның импорты 2014 жылы 6 млрд. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның осы позициялар бойынша әлемдік экспорты – 1,9 млрд. АҚШ доллары, Қазақстанның Иранға экспорты – 498,5 млн. АҚШ доллары. Қазір қазақстандық кәсіпкерлер алдында Иран нарығына металлургия, тағам және химия саласы, машина жасау өнімдері, сондай-ақ құрылыс материалдары өнімдерін өткізудің орасан зор  мүмкіндігі ашылуда», - деп атап көрсетті ІК қатысушыларына Қазақстан Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Мейірбек Мәжитов.

Екі жақты ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде көзге түсті. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының ықпалымен қазақстандық экспортшылар 30 млн. доллар сомасында сиыр және қой етін өткізу жөнінде ұзақ мерзімдік коммерциялық келісімшарт жасады. Бұл Иран Ислам Республикасына салынған санкциялардың алып тасталғанынан кейін қазақстандық делегацияның Тегеранға Іскерлік сапары аясында жасалған екі ел арасындағы бірінші келісімшарт екенін атап айтқан жөн. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер