astana-view

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайы қалай?

2016 жылғы 09 Ақпан
23318 просмотров

«Атамекен» ҰКП елдегі іскерлік аураның шынайы көрінісіне қол жеткізу үшін шағын және орта бизнес арасында сауалнама жүргізеді

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту экономиканы болашақта орнықты дамытудың міндетті талабы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі экономикалық тұрақсыздық пен турбуленттік шарттарда дами бастайды. Жылдамдық пен иілгіштік қабілеті бар шағын және орта кәсіпкерлік дағдарыстың салдарын қалпына келтіретін стратегиялық ресурс бола алатыны анық. Шағын және орта кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарын аша отырып, ірі бизнестің тарылуы мен қысқарту проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Жұмыстан босаған ірі компания қызметкерлерін ШОБ секторының есебінен әлеуметтік бейімдеумен қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар, ШОБ жаңа бос нарықтар мен экономикалық өсімнің нүктелерін қалыптастырады.  

Қазіргі таңда Қазақстанда ШОБ секторын дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Жеке кәсіпкерлік бастамаларды көтеу саласында мемлекеттік саясат саласының негізгі бағыттарын анықтайтын "Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті қолдау бірыңғай бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың тармақталған жүйесі енгізілген институционалды база құрылды. Алайда, бір айтып өтерлігі, сыртқы ортадағы күрделі экономикалық конъюнктура мен экономиканың өсім қарқынының төмендеуі бизнесті дамыту мен қолдау жүйелері трансформациясының қажеттілігін туындатты.

Сонымен қатар, мемлекеттік стратегияның жаңа шарттарға бейімделуі кәсіпкерлік белсенділігі жүзеге асып жатқан орталарды жүйелі және толық зерттеуді талап етеді. Осыған орай, кәсіпкерлік аураны немесе іскерлік аураны зерттеудің маңыздылығы артып отыр.

Бизнес ортаның сапалы және сапалы емес параметрлерінен көрініс табатын іскерлік аура белсенді кәсіпкерлікті анықтайтын фактор болып табылады.  

Іскерлік ортаны зерттеу – кәсіпкерлікті қолдау саясатының басты элементі.  Себебі, іскерлік ортаның тұрақсыздығы мен болжамсыздығы – бүгінгі инвестицияның құлауы мен ертеңгі өсім екпінінің төмендеуін көрсетеді. Осыған орай, бүгінде көптеген елдер ШОБ субъектілерін қолдау мен дамыту саласындағы саясаттың басымдықтарын анықтау мақсатында ксәпкерлік ортада, оның негізгі сипаттамаларындағы өзгеріс динамикасына сараптама жүргізу үшін бизнес-барометр құрылғыларын пайдаланады. 

Іскерлік ортаның шарттарын анықтау үшін түрлі құралдар қолданылады, бірақ барынша талап етілгені компания басшыларынан сауалнама алу болып табылады. Әсіресе, бұл категория, өз ісіне қатысты шешім қабылдай отырып, ең алдымен бизнестің мүдделері мен қажеттіліктерін ашып көрсетеді.

Осыған орай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОБ дамыту комитетінің хатшылығы Қазақстан республикасындағы іскерлік аураның ахуалы туралы шұғыл ақпарат алу үшін ШОБ субъектілерін арасында сауалнама жүргізеді.

Мұны кең көлемде ұйымдастыру үшін «Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС ӨКП қызметкерлерін араластырмай-ақ, орталық деңгейде сауалнаманы жинау және талдау үшін өзінің техникалық мүмкіндіктерін ұсынды.

Орталықтың сайтында Хатшылықтың қызметкерлері әзірлеген сауалнама орналастырылған. Сауалнамамен танысу және оны толтыру үшін төменде көрсетілген сілтемелерге өте қажет:

http://curs.kz/interview3/kz_index.php  қазақ тілде

http://curs.kz/interview3/index.php  орыс тілінде


Еншілес ұйымдар

Серіктестер