astana-view

Юрий Тілеумұратов: ҰКП Туризмді дамытудың Жол картасын жасауды ұсынады

2016 жылғы 09 Ақпан
9065 просмотров

Алматы ӨКП директоры Алматы әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП арасында жұмыс тобын құру бастамасын көтеріп отыр

Қалыптасқан кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес әр өңірдің мамандану бағыты белгіленген. Алматы қаласының басымдық берілген салаларының бірі туризм болып саналады. Қала ЖӨӨ-нің 30%-дан астамы саудадан түседі және сұраныстың сығымдалуы мен импорттың қымбаттауы себебінен сауда үлесінің қысқаруы күтіліп отырғандықтан, ҰКП туризмді дамыту шараларын күшейтуді ұсынады.

«Осыған байланысты қажетті қаржыландыру көлемін анықтап, туризмді дамытудың толық жол картасын 3 ай мерзім ішінде жасап шығару үшін Алматы әкімдігі мен ҰКП, ӨКП арасында бірлескен жұмыс тобын құру ұсынылып отыр. Жұмыс тобына биснес-қауымдастықтарды және туризм саласы субъектілерінің өзін кеңінен тарту қажет», – деді Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Ол сонымен бірге Алматы қаласы Палатасының тұрақты түрде кәсіпкерліктің жүйелі мәселелеріне талдау жасайтынын айтты. Осы жылы мониторингке Алматы қаласы бойынша 3 мыңнан астам нысан қатысқан. Нәтижесінде кәсіпорындардың анағұрлым жиі ұшырасатын отандық өндірушілер өнімдерінің өтімділік мәселелері (56,2%), қаржылық ресурстарға қолжетімділік (17,2%), сатып алулар мен жергілікті қаржы (12,6%), әкімшілік кедергілер (9,4%), кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қолжетімділік (3,1%), өзге де мәселелер (0,8%), салықтық әкімшілік кезіндегі мәселелер (0,7%) секілді 7 жүйелі мәселелерге топталған нақты 1139 проблема анықталды.

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігі кезіндегі әкімшілік кедергілер бөлімінде басты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасап шығарды. Бизнес өкілдері рұқсат құжаттарын алу барысында қиындықтарға жиі кездеседі. Осыған байланысты ҰКП кәсіпкерліктің меморгандарға жолдаған өтініштерін бақылап отыру үшін Палатаға ЭҚАБЖ қолжетімділігін қамтамасыз ету (ресми сырғытпаларды, белгіленген мерзімдерді сақтамау және негізсіз бас тарту әрекеттерін болдырмау үшін), кәсіпкерліктің мемқызмет көрсетуге байланысты мәселелерін тұрақты бақылап отыру үшін call-орталық ашу, сонымен бірге Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын VPN-каналға қосу және КҚКО рұқсат беруді жүзеге асыру үшін мәліметтер қорын меморгандармен және ЭБЖ-мен біріктіру қажет деп есептейді. 

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауына сәйкес елде жекешелендірудің кең ауқымды екінші толқыны басталды. Алматыда жекешелендіру бойынша комиссия құрылды. Комиссия қызметіне қоғамдастықты тарту арқылы, оның жұмысын кең көлемде насихаттауды күшейту керек. Осыған байланысты Ұлттық палата «Yellow Pages» қағидаттары аясында Үкімет бекіткен тізімнен бөлек Алматы қаласының коммуналдық меншігінің барлық нысандары тізімін қалыптастыруды, барлық нысандар бойынша тыңдалымдар ұйымдастыруды және «Yellow Pages» қағидаттарына жауап бермейтін нысандарды жекешелендіруді, оның ішінде МЖК түрінде шығаруды ұсынып отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер