astana-view

Жеке клиникалардың толық қарқынмен жұмыс істеуіне кім кедергі?

2016 жылғы 10 Ақпан
9138 просмотров

Жеке меншік сектордағы медициналық қызметтердің сапасы жайындағы мәселелер ҚР «Атамекен» ҰКП-да талқыланды

Тұңғыш рет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі зерттеулерге бюджеттік қаржы бөлінді.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторы саласындағы медициналық қызметтердің деңгейін зерттеуді Қазақстанның Денсаулық сақтау палатасы жүргізді.

Соңғы 20 жылда республикада денсаулық сақтаудың жеке меншік секторы қалыптасты, бірақ жеке меншік денсаулық сақтау саласы жайында зерттеулер мүлде жүргізілмегенін атап айту қажет.

Зерттеудің мақсаты – денсаулық сақтаудың жеке меншік секторындағы медициналық қызметтер саласындағы кәсіпкерлікті дамыту әлеуетін анықтау және оны қолдау жүйесін жетілдіру.  

Бұл жобаның өзектілігі күмән туғызбайды. Медициналық қызметтер көрсету, оның ішінде жеке меншік медицина ұйымдарының деңгейін дамыту және көтеру міндеті елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторларының бірі болып табылады. Бүгінгі күні бірқатар шешілмеген мәселелер мен проблемаларға байланысты жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік ұйымдармен бәсекелесе қоюы қиын. 

Айталық, жеке денсаулық сақтау ұйымдары ТМККК бөлінісіне мемлекеттік мекемелермен бірдей қол жеткізе алмайды, яғни, мемлекеттік қаржы көмегіне қол жеткізу шектеулі. Сондай-ақ, экономикалық кедергілер қатарында отандық қарыз капиталы құнының тым жоғарылығы, «старт ап»-қа үлкен қаражат салу қажеттілігі, отандық инвесторлар институтының жоқтығы, жеке меншік медициналық ұйымдардың ТМККК шеңберіндегі жұмысы салыстырмалы түрде төмен тарифтерге байланысты төмен маржалы екендігі бар. ТМККК бойынша медициналық жәрдемге ақы төлеу тарифтерін қайта есептеу айқын құқықтық регламенттеуге ие болмай отыр. 

Сонымен қатар әкімшілік кедергілер де тыйылар емес, медициналық персоналды жеке клиникаларда бюджеттік бағдарламалар бойынша оқытуға қол жеткізе алмай отырмыз және т.б.

Деректерге зер салсақ: 2015 жылы ҚР-да 729 мемлекеттік және 148 жеке меншік емдеу ұйымдары, 2174 мемлекеттік және 921 жеке ДБА жұмыс істеді. Денсаулық сақтау саласында 2015 жылы 68 864 дәрігер (жеке меншік МҰ – 11 355) және 160 061 орта медперсонал (14 911 – жеке меншік МҰ-да) жұмыс істеген. Жеке меншік медұйымдарға келушілер 2014 жылы 16 840 114 адамды немесе жалпы келім санының 18%-ын құрады.     

Бизнес-қауымдастық өңірлердің денсаулық сақтау жеке меншік секторының өкілдерімен бірлесіп, денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторындағы кәсіпкерліктің дамуын тежейтін факторларды жою жөніндегі мәселелер талқыланды, сондай-ақ, Үкімет, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР ҰКП, қауымдастықтарға арналған атаулы ұсыныстар әзірленді, осы тұрғыда қоғамдық ұйымдардың рөлі атап көрсетілді. Ұсыныстар қатарында: ақылы медициналық қызметтер үшін бірыңғай ең төмен тарифтерді енгізу, денсаулық сақтау басқармасының балансындағы мемлекеттік МҰ ғимараттарына тексеріс жүргізу, тиімсіз қолданылатын немесе ғимараттардың бір бөлігін сенімгерлікпен басқаруға және/немесе жеке МҰ-ына жалға беру және т.б.

ҚР Денсаулық сақтау Ұлттық палатасы басқармасының төрағасы К.Омаров атап өткендей, бұл салада көп жұмыс жүргізілген және аталған зерттеулердің нәтижесі болуы тиіс.

Мәжіліс қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданды: мәжіліске қатысушылар берген ұсыныстарды ескере отырып, аталмыш жобаны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ұсыну.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік емес (жеке меншік) денсаулық сақтау секторы  саласындағы медициналық қызметтер көрсету деңгейін талдау – қорытындылар мен перспективалар» жобасының тұсаукесерімен осында танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер