astana-view

Пайдалы ынтымақтастық

2016 жылғы 11 Ақпан
9134 просмотров

«Атамекен» ҰКП-ның атсалысуымен маңызды жобалар іске асты

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына көп жылдар бойы ҰКП-мен ынтымақтасып келе жатқан Ұлттық медицина қауымдастығынан алғыс хат келді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық қызметтердің барлық саласының дамуына үлкен үлес қосуда. Біз үкіметтік емес ұйым болғандықтан, Қауымдастықтың міндеті азаматтық қоғамды қалыптастыруға, демократиялық өзгерістерге алып келетін жасампаз еңбекті насихаттауға бағытталғанын білеміз. Осыған орай Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына біздің денсаулық сақтау саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуға, заң қызметіне және тағы басқа салаларға қатысты бастамалық жобаларымызды іске асыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі таңда, ҰКП-мен ынтымақтастықтың арқасында, біз құрамына кәсіби сипатына қарай біріккен жеке тұлғалар кіретін қоғамдық қор ретінде еліміздің медициналық қауымдастығы атына лайық қызмет атқарып отырмыз. 2012 жылы біз «Zdrav Atameken» Қауымдастығын құрдық, ол «Атамекен» Ұлттық палатасының құрамына кіреді. Қазіргі уақытта бұл ұйым мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардағы өз мүшелерінің мүдделерін жақтап, олардың құқықтарын сотта қорғайды», – деп атап өтті Ұлттық  медицина қауымдастығының президенті Айжан Садықова.

Медициналық  қауымдастықтың басшысы, сонымен бірге, ынтымақтастық аясында денсаулық сақтау саласын дамытуға ғана емес, сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарасты басқа да қызмет салаларына қатысты тағы басқа да көптеген жобалардың іске асырылатынына сенім білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер