astana-view

1 шілдеден бастап туристер Хан Тәңірі шыңына Қазақстан жағынан шыға алады

2016 жылғы 24 Маусым
10995 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенді жұмысының арқасында Орталық Тянь-Шань тауларына жол ашық

2010 жылы Қырғызстанда болған жағдайға байланысты шекара бойындағы Қарқара өзені арқылы Чар Құдық шатқалына өтетін көпір жабылып қалған еді. Салдарынан Қазақстанның туристік ресурсы – Орталық Тянь-Шань таулары мен оның Хан Тәңірі шыңына Қазақстан жағынан шетелдік және отандық альпинистерге жол жабылды. Орталық Тянь-Шань тауларына баратын туристерді Қырғызстан жағынан қабылдау арқылы бұл жағдайды Қырғызстанның туроператорлары оңтайлы пайдаланып, көшпелі туризмді дамытуда.

Аталған мәселені жүйелі шешу үшін ҚР ҰКП ҚР Инвистициялар және даму министрлігімен бірігіп, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында «Туристік топтардың трансшекаралық бағытта және шекарада ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалана отырып, Мемлекеттік шекараны кесіп өтуді реттеу тәртібі туралы» Үкіметаралық келісім әзірлеген еді. Оның мақсаты 5 жерден (Қарқара өзені арқылы Чар Құдық шатқалына апаратын көпір, Көкжар және  Чоң-Жалаңаш өзенінің құйылысы, Ашутор асуы, Сарыбұлақ асуы, Озерный асуы)  бекітілген тау бағдары бойынша ұйымдасқан туристік топтарға арналған 1 шілдеден бастап 1 қазанға дейінгі аралықта жыл сайынғы маусымдық өткізу орындарын ашу.

Қазіргі таңда келісімді қырғыз тарапы қарастыруда. Аталған үкіметаралық келісімнің күшіне енуіне дейін Қазақстандағы туристік тау маусымын үзбеудің алдын алу үшін 2013-2016 жылдар аралығында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесе отырып, шетелдік тау туристерінің ұйымдасқан топтарын өткізу үшін Орталық Тянь-Шаньда маусымдық өткізу орындарын ашуға қатысты қызу жұмыс атқарды. 2016 жылдың 1 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін туристерде Қазақстандық жақтан Хан Тәңірі шыңын бағындыруға мүмкіндік бар.

Осыған байланысты «Хан Тәңірі» халықаралық альпинистік лагерінің директоры, Альпинизм және шыңға өрмелеушілер федерациясының президенті Қазыбек Уәлиев ҰКП-ның атына Орталық Тянь-Шань тауларында халықаралық экологиялық туризмді дамытуға атсалысқандары үшін Алғыс хат жіберді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер