astana-view

Кішкентай таланттарға жол ашық

2016 жылғы 12 Ақпан
- Қарағанды облысы
10441 просмотров

Баланың туған күнін қалай атап өткен жөн, сәбиіңізбен қайда баруға болады,  және де бұл оның дамуына септігін тигізуі үшін не істеу керек?

Екі баланың анасы, Сарань қаласының тұрғыны Татьяна Магрупова осындай сұрақтарды өзіне жиі қоятын.  Кәсіпкерлер палатасындағы тренингке де ол өзінің дайын идеяларымен және туған қаласындағы балалардың өмірін өзгертуге деген берік ниетімен келді.

Бизнес негіздеріне үйрететін сабақтардан соң Татьяна болашақ жобаның есеп-қисабын жасады, қажетті қызметтер мен олардың бағасын анықтады. Мұның бәрін өз бетімен жасауына оның экономистік тәжірибесі көп көмектесті. 2015 жылдың соңында Татьяна өзінің ниеттестерімен бірге «Таланттар шоқжұлдызы» атты балалар шығармашылығы және даму клубын ашты. Клубта ерте даму топтарынан бастап театр студиясы мен анимация студиясына дейінгі түрлі қызметтер ұсынылды.

Татьяна бұған ата-аналардың өз балаларының талантын кішкентай кезінен бастап дамытуына, танымдық және шығармашылық үйірмелерге баруына мүмкіндік беруге деген ниеті түрткі болғанын айтады. Мұндай орталықтар бұған дейін  Сараньда болған емес. 

Жалпы, кез келген бизнес шығын шығаруды қажет етеді, Татьянаның да несие алуына тура келді. Клубты ашатын орын анықталған соң, қысқа мерзімде жиһаз және балаларды дамытуға қажетті материалдар әкелінді. Сонымен бір уақытта Татьяна қызметкерлер іздеуге кірісті. Мұндағы басты өлшем – жеке тұлғалық ерекшеліктер және балалармен жұмыс тәжірибесі.

«Таланттар шоқжұлдызы» клубының ашылуы – сұраныстан ұсыныс қалай туады деген сұрақтың айқын мысалы. Жобаны ұйымдастырушылардың болашаққа жасаған жоспарлары да үлкен. 

«Өз бизнесін енді ғана ашуға талпынып жүргендерге мен батыл болуға кеңес берер едім, табысқа апаратын соқпақтың бірінші қадамын жасаудан қорықпаңыздар. Мәселе әрбір іс-әрекетіңді мінсіз әрі дұрыс ойластыруда емес, ең бастысы, оның іске асуында және өміршеңдңгңнде», – дейді Татьяна.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер