astana-view

Жұмыс немесе жұмыс берушіні тез арада қалай табуға болады?

2016 жылғы 12 Ақпан
16706 просмотров

Қазақстанда «Жұмыс» (www.enbek.kz) ақпараттық порталы қызмет жасауда

Еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етудің басты факторы жұмыс күшіне қатысты сұраныстар мен ұсыныстар туралы ақпарат болып саналады.

Енді жұмысқа тұру мәселелері туралы қажетті мәліметтердің барлығын «Жұмыс» ақпараттық порталынан табуға болады.

Порталдағы «Бос жұмыс орындары» мен «Түйіндеме» айдарлары бос жұмыс орындары (жұмыс берушілердің жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған немесе жұмыс берушілер, жеке жұмыспен қамту агенттіктері порталға өз бетінше орналастырған), мамандық бойынша сұраныстар мен ұсыныстар және түрлі критерийлер туралы ақпарат орналастырудың және алудың интерактивті алаңы болып саналады.

Сонымен бірге порталда азамматтарға ыңғайлы болу үшін  жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасын байланыстыратын on-line байланыс функционалы жүзеге асырылып, ICQ клиенті (хабарламалармен жылдам алмасу қызметінің ресми клиенті),  Mail.ru Agent (бейнеқоңыраулар жасау мүмкіндігі бар хабарламалармен жылдам алмасу бағдарламасы) немесе Skype арқылы (мәтіндік, дыбыстық және бейне байланыстарды жүзеге асырады) чат қарастырылған.

«Түйіндеме» бөлімінде Қазақстанның кез келген азаматына өз түйіндемесін өз бетінше және ақысыз түрде орналастыру мүмкіндігі ұсынылған. Жұмыс беруші түрлі критерийлер бойынша түйіндемелердің алуан түрін таба алады. Сонымен бірге порталда жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі анықтамалық-сараптамалық ақпарат пен Еңбек кодексі, заңдар, нормативті құжаттар, жұмыспен қамту саласындағы республика азаматтары үшін және шетел азаматтарының құқықтары бойынша кеңес берулер, жұмыс берушілерге арналған есеп беру құжаттарының формалары мен оларды толтыру үлгілері секілді құқықтық-нормативті актілер ұсынылған.

Мамандықтар және жұмыс берушілер бойынша олардың координаталары көрсетілген ақпарат орналастырылған бөлім қарастырылған. Бұл координаталар бойынша республикаға шетел мамандары тартылады. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер туралы ақпаратты тәулік бойы және тегін алуға болады. Бұл үшін www.enbek.kz порталында жұмыспен қамтуға қатысты қандай да бір мәселелерді талқылауға, шешуге болатын форум жұмыс жасайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер