astana-view

Кәсіпкерлерден идея күтеміз!

2016 жылғы 16 Ақпан
8475 просмотров

Қазіргі таңда Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі біріккен Салық және Кеден кодекстерін әзірлеумен айналысып жатыр.  

Осыған орай, «Атамекен» ҰКП Кодекс жобасын талқылауда кәсіпкерлерден белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетуді және өз идеяларымен бөлісуді сұрайды. Белсенді қатысу мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімді үлгілерін қалыптастырудың негізі болмақ.

Осы мақсатта Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында арнайы форум ашылды. Ол Сіздердің ұсыныстарыңызды талқылау және сараптау, қарау, жинақтау үшін жеке тақырыптарға бөлінген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер