astana-view

Кәсіпкердің пайдасына шешілген дау

2016 жылғы 18 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
9192 просмотров

ӨКП-ның құқықтық қолдауының арқасында Орал трансформатор зауыты қайтарымсыз негізде жер телімін алды

Өткен жылы кәсіпорында «Үлестіруші трансформаторлар өндірісі» инвестициялық жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында импортталатын технологиялық құрал-жабдықтарға салынатын баж салықтарын төлеуден босатылып және жер теліміне заттай гранттар түріндегі инвестициялық артықшылықтарға қол жеткізіледі.

Алайда жер телімін жекеменшікке рәсімдеу кезінде Орал қаласы әкімдігі қаулы шығаратын тұсқа жеткенде келіспеушілік туындайды. Әкімдік мамандары ҚР Жер кодексі мен мемлекет меншігіндегі жер телімдерін құқықтық иелену тәртібіне сүйене отырып, ауызша түрде нарықтық және кадастрлық (бағалық) құны арасындағы 65435242 теңге көлеміндегі айырманы төлеуді талап еткен. ЖШС басшылығы бұл талаптарды өрескел заң бұзушылық деп санайды, өйткені ол заттай гранттың мән-мағынасын бұрмалайды.

Құқық саласының сарапшылары аталған даулы мәселені мұқият зерттеп, талдағаннан кейін, оған құқықтық баға берілді.

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі, мемлекеттік заттай грантты меншікке немесе жер пайдалануға қайтарымсыз берудің негізі болып саналады. Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау олардың нарықтық құны арқылы жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттік заттай гранттың ең жоғарғы мөлшері ҚР заңды тұлғаларына құйылған инвестициялардың отыз пайызынан аспауы керек.

Қолдағы құжаттар мен ҚР «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес, инвестициялық келісім-шарттағы ЖШС орындауға тиіс барлық міндеттемелердің мерзімінің өтіп кетуіне байланысты, ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеті БҚО Орал қаласында орналасқан жер телімі түріндегі мемлекеттік заттай грантты қайтарымсыз негізде беру туралы нұсқау шығарды.

Жоғарыда аталған дәйектермен Палата Орал қаласы әкімінің атына өтініш жолдады. Жазбаша және ауызша келіссөздерден кейін, 2016 жылдың 12 ақпанында Орал қаласы әкімдігі жер телімін "Орал трансформатор зауыты" ЖШС меншігіне беру туралы қаулы енгізді.

Осылайша, кәсіпкер 65 млн теңге айырманы төлемей-ақ жер телімін қайтарымсыз негізде алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер