astana-view

Өндірушілер «CT-KZ» сертификаттарын өз еріктерімен кері қайтарып алуда

2016 жылғы 18 Ақпан
16228 просмотров

Салалық қауымдастықтар ҰКП-дан тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізсіздігін тексеруді сұрап отыр

«Атамекен» ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті мәжілісінде «CT-KZ» формасындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мәселесі қаралды. Бұл мәселе отандық тауар өндірушілердің көпшілігін мазалауда.

Ұлттық палата берілген сертификаттарға талдау жасады. ҰКП сатып алу және жергілікті мазмұн департаменті директорының орынбасары Эльмира Ақшалованың айтуынша, қазіргі уақытта бұған дейін берілген «CT-KZ» сертификаттарына ішкі аудит жүргізуге 139 кәсіпорын өтініш берген, оның ішінде 60 кәсіпорын тексерілген. «CT-KZ» сертификаттары бойынша сараптамалық комиссияның оң тұжырымы 8 кәсіпорынға берілген. 32 кәсіпорынның сертификаты күшін жойды, олардың ішінде: ҚР ҰКП бұйрығымен – 7; өндірушілер өз еркімен кері қайтарып алғаны – 20 (32 сертификат); ТРМК ұйғарымы негізінде жойылғаны – 8. Тағы да 61 кәсіпорын тексерілді, олар бойынша тұжырым әзірлену үстінде.

«Жоғарыда келтірілген статистика деректерінен көрініп тұрғандай, сертификаттардың басым көпшілігін өндірушілер өз еріктерімен кері қайтарып алуда, себебі отандық тауар өндірушілер  тауардың шығу тегін растай алмайды», – дейді Ақшалова.

Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілер мен қауымдастықтар жергілікті құрам үлесін есептеудің шынайылығына күмәнді және Ұлттық палатадан тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін тексеруін сұрайды. Айталық, Ұлттық палатаға ҚР Жиһаз және ағаш өңдеушілер кәсіпорындарының қауымдастығы «Тунач» ЖШС берген сертификаттарды тексеруге қатысты өтініш білдірді. Қауымдастық отандық жиһаз тауарын өндірушілердің бірқатар проблемалары бар екенін білдірді: тендерлерді шын мәнінде тауар өндірмейтін өндірушілер ұтып алады, бірақ олар "СТ-KZ" формасындағы сертификаттарды тауып береді; квазимемлекеттік секторға арналған тауарларды жеткізу жөніндегі тендерді ұтып алған компаниялар "СТ-KZ" сертификатының атын жамылып, импорттық тауарларды жеткізумен айналысады. Қауымдастықтың ақпараты бойынша, «Тунач» ЖШС-нің кеңселік жиһазы ҚР-да өндірілмеген, Түркиядан әкелінген. Демек, оларға берілген "СТ-KZ" сертификаттары жарамсыз, өйткені олардағы қазақстандық құрам үлесі жалған. Ағымдағы кезеңде ҰКП сертификаттарды алу жөнінде «Тунач» ЖШС ұсынған құжаттарға талдау жүргізуде, содан кейін ішкі аудит нәтижелері жайында ҰКП шешім қабылдап, Қауымдастықты хабардар етеді.

Сондай-ақ, Ұлттық палатаға Қазақстанның кабель зауыттары қауымдастығы келіп, «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС берген сертификаттарды кері қайтаруға қатысты «ҚазЭлектроМаш» ЖШС-нің мүддесін білдірді. Қауымдастықтың өтініші бойынша, 2014 ж. 9 шілдеде «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – «Телеком-Комплект» отандық тауар өндірушілер арасында кабельді-өткізгіш және талшықты-оптикалық кабель өнімдерін ұзақ мерзімдік сатып алулар бойынша ашық тендер өткізген. «ПКФ Континент Ко ЛТД» (Атырау қаласы) ЖШС жеңімпаз деп танылған. Көрсетілген ақпаратқа қарағанда, тендер өткізген сәтте «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-нің өз кабельдік өнім өндірісі болмаған, тексеру көрсеткендей, зауыт аумағында тиісті құрал-жабдықтар, инженерлік желілер жоқ, құрылыс цехы аяқталмаған. Осылайша, кабельдік зауыттар қауымдастығы  «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС берген «CT-KZ»  заңсыз деп есептейді.

Жоғарыдағы мысалдарға сүйене отырып, Ұлттық палата бекітілген рәсімдерді бұзып жасалған сараптамалар негізінде берілген "СТ-KZ" сертификаттарын кері қайтарып алу жөнінде жұмыс жүргізеді», – деп мәлімдеді Ақшалова.

Қолданыстағы «СТ-КZ» формасында сертификаттау жүйесі тұсында, сараптамалық ұйым тауардың шығу тегін жеткілікті қайта өңдеуге қойылатын нақты критерийлерді ескере отырып анықтайтынын атап айтқан жөн. Ал, берілген сертификат үшін тікелей уәкілетті орган жауап береді және бүкіл жауапкершілік соған жүктеледі. Себебі, шеттегі ұйымдардың сараптамалық тұжырымына сүйене отырып, ақпараттық шынайылығына кепілдік беріп, қолды да, мөрді де қоятын сол, бірақ олар сертификат беретін орган ретінде мемлекеттік орган тарапынан жыл сайын бақыланып отырмайды.

«Тауардың шығу тегіне сараптама жасау бойынша жүргізілетін жұмыстарды талдауға сүйене отырып, берілген сертификаттардың шынайылығы жөнінде ҰКП-ға шағым көп түсіп жатыр, әсіресе, бұл  «CT-KZ» формасындағы  сертификаттар. Мониторингке сүйене отырып, біз, көбінесе акті-сараптамалар тауардың шығу тегі туралы заңнама нормаларын бұзу арқылы жасалатынын атап көрсетеміз, сертификатты беретін уәкілетті ұйым актілерді тиісінше рәсімдеу үшін жүргізуге мәжбүр. "СТ-KZ" сертификаттарын ұсынған сатып алулардың ұйымдастырушылары мен жеткізушілерін қатаң бақылауға алу жұмысын Ұлттық палатаның жүргізуі осы саладағы сыбайлас жемқорлықты жеңуге көмектеседі деп санаймыз», – деп баяндады Сатып алулар және жергілікті мазмұн департаменті директорының орынбасары.

Оның сөзі бойынша, тауарлардың шығу тегі жүйесінде қалыптасқан проблемаларды шешу үшін Ұлттық палата индустриялық сертификатты қазақстандық өндірушілердің кәсіпорынның өндірістік қуатын көрсете отырып сертификатталуы тәсілін енгізуді ұсынады. «Сатып алуларда индустриялық сертификаттарды тиімді қолдану отандық тауар өндірушілерді астыртын қолдауды қамтамасыз етуге және біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушілерді дер кезінде анықтауға көмектеседі», – деді Ақшалова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер