astana-view

Ұшқың келе ме – ақысын төле!

2016 жылғы 22 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
6652 просмотров

ӨКП заңнамадағы шекара қызметтері әуежай қызметін тегін пайдаланбауы туралы ережелерге түзетулер енгізу жөнінде бастама көтерді

Кәсіпкерлер Палатасының ықпалымен мемлекеттік шекараны күзететін әскери бөлімдерге әуежай қызметін тегін көрсетуге байланысты туындаған проблема жойылды. 

«Мәселенің мәнісі, әскери бөлімдердің, «Мемлекеттік шекара туралы» заңның талаптарын пайдалана отырып,  жер бетінде толық қызмет көрсетуді мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі тұрақты қызметтік міндеттерге жатқызуына келіп тіреледі. Осыған байланысты олар әуежаймен қызмет көрсету жөнінде  келісішарт жасаудан  және іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін ақша төлеуден бас тартты», – деп түсіндірді ШҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.  

Ал, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға сәйкес, әуежайлар қызметі табиғи монополиялар саласына жатады және ҚР-ның әлеуетті органдарына ақысыз  негізде қызмет көрсетуі қарастырылмаған. Осылайша, әуежайлар бір заңның талаптарын сақтай отырып, келесі заңның талаптарын бұзуға мәжбүр болды. 

«Біз әуежайларды тегін пайдалану құқығын жоққа шығаратын ҚР-ның  «Мемлекеттік шекара туралы» заңына өзгертулер енгізу жөнінде бастама жасадық, соның нәтижесінде тиісті өзгертулер енгізілді», – деп атап өтті Игорь Шацкий.

Енді 2016 жылдың қаңтар айынын бастап, әуежайлар қызметі мемлекеттік шекараны күзету бойынша қызметтік міндеттерді шешу кезінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі және ҚР Қарулы күштері пайдаланатын ұшақтар мен тікұшақтарға, басқа да ұшу аппараттарына ақысыз негізде көрсетіледі. Бұл жағдайда қызметтерді көрсетуге кететін шығындар бюджет қаражаты есебінен төленеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер