astana-view

Кооператив құру – игі іс

2016 жылғы 24 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
11958 просмотров

ШҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру шағын фермерлік шаруашылықтарды жандандырады

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігу керек, деп есептейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий. Оның айтуынша, бүгінге дейін ШҚО-да мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Шаруашылықтың осы түрін алдағы уақытта да дамыта түсу үшін селекциялық жұмыстар жүргізілу керек. Нәтижесінде қымбат асыл текті бұқаларды өсіру көзделуде. Алайда, бұл ауылдағы шаруалар үшін тиімсіз.

Сонымен қатар, облыста жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Егер алдын ала емдеу шараларын жүргізбесе, ірі қара мал зиян шегеді. Карантин шараларын жасау шағын мал шаруашығы қожалықтарының қалтасына ауыр түседі.

Ал ауыл шаруашылығы кооперациясы осындай проблемаларды шеше алады.

«Қазіргі таңда біз кооперацияларды құру жұмыстарымен айналысуымыз керек. Мұның өзі үлкен ынталандыру. Қазір заңнама мен салық жүйесі арасында үйлесімділік орнауда. Бұрынғыдай колхозға біріктіріп, шаруалар ауыл шаруашылығы кооперацияларына өз еріктерімен бірігулері тиіс», – деді Игорь Шацкий брифинг барысында.

 Күні бүгінге дейін үлгі алатын кәсіпорындар бар. Аягөз қаласында ауқымды «Майлин» ауылшаруашылық кооперациясы құрылды, онда 200 жекеменшік қожалық пен алты үлкен кәсіби шаруа қожалығы біріккен.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер