astana-view

Несиелердің валютасын ауыстырудың қажеті бар ма?

2016 жылғы 02 Наурыз
9839 просмотров

«Атамекен» ҰКП бизнеске валюта бағамдарының өзгермелі болғанына абыржымауды ұсынды

Шетелдік валютамен несие алғандарды қайта қаржыландыру Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы ІІІ конференциясының бір тақырыбы болды. Банктерден несие алған бизнесмендер ұйымдастырушыларға өз уайымдарын жеткізді, атап айтқанда, қаржы институттарының несиелерді қайта есептеуге қажетті төлем қабілетінің жетіспеушілігі жайындағы алаңдаушылықтарымен бөлісті.

«Сіз қазір өз несиеңізді қайта қаржыландырасыз, ал теңге нығаяды. Сонда сіз не істейсіз? Қайтадан валюталық қарыз сұрайсыз ба?»,– деді кәсіпкерлердің өтініштеріне жауап берген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, «барлық бизнесмендер қазір осы сұрақпен бастарын қатыруда».

«Қазір барлығы валютамен беру керектігі, және содан кейін теңгемен кері қайтатынына алаңдаулы. Міне, қараңыздар, қазір енді мұнай бағасының бұдан төмен түсетінін күтудің қажеті жоқ тәрізді, ол осы дәліздің айналасында болады, орташа мерзімді болашақта көтерілмейді. Егер сіздің несиеңіз бір жылға емес, бірнеше жылға алынған болса, сәйкесінше, сізге жақсылап ойлану керек – девальвация өтіп кеткеннен кейін бірдеңені өзгерте қоюдың қажеті бар ма»,– деді Т.Құлыбаев.

«Атамекен» Төралқа төрағасы «бұл объективті шынайылық» деп атап өтті.

«Несиелер бойынша барлығыңызды, –  бағам мұнай бағасы, рубльдің құны тәрізді сыртқы факторларға анық байланған кезде, – ойлануға шақырамын. Өйткені, шынымен де, мұндай құбылмалылық әлі де байқалатын болады», – деп түйіндеді Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы  Абылай Мырзахметов, 9 наурыздан кейін банктерге БЖЗҚ-дан ақша түсетінін, олардың бір бөлігі қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталатынын хабарлады.

«12% жылдық мөлшерлемемен 200 млрд теңге бөлінеді. Олар субсидиялар арқылы шағын және орта бизнеске, айналымдық  қаражаттарын толықтыру үшін барлық банктерге беріледі, оның ішінде 50% – қарыздарды қайта қаржыландыруға жұмсалады. 9 наурыздан кейін осы қаржы банктерге түседі, 50 миллиардқа жуығы осы жағдайға тап болғандарға берілетін болады. Сол себепті банктерге жүгініңіздер», – деді  Абылай Мырзахметов.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер