astana-view

Кәсіпкер өз бетінше билік құрған жоқ!

2016 жылғы 29 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
9675 просмотров

Сауда үйінің иесі заң шеңберінде әрекет еткен 

«Нафта» сауда үйі» ЖШС-ның бас директоры Ирина Банникова БҚО Кәсіпкерлер палатасына «өзін-өзі билеу» бабы бойынша ЖШС-ның үстінен қылмыстық іс қозғаған Ішкі істер департаментінің заңға қайшы әрекеттеріне шағымдана келді.

Ол өз арызында сауда үйінің «Королева Е.А» ЖК-мен жалға беру шартына отырғандығын көрсеткен. Алайда, жалға алушы үнемі шарт талаптарын бұзып, жалға беру ақысын кешіктіргендіктен, белгіленген мерзім жеткенде, шарттың мерзімі ұзартылмаған.

Королеваның жеке кәсіпкерлігінің қарызы 156 477 теңге болғанда, сауда үйінің әкімшілігі тараптар арасындағы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес, Королеваға өзі жалға алған бөлмедегі заттарды беруден бас тартқан.

Жеке кәсіпкер құқық қорғау органдарына шағымданғанымен, оған қарсы ЖШС-ның үстінен «Өзін-өзі билеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Палатаның құқық бөлімінің сарапшылары «Нафта» сауда үйі» ЖШС ұсынған құжаттармен таныса келе, ЖШС басшылығының қарсылық көрсетуін негізді деп тапты. Сауда үйінің әкімшілігі заң шеңберінде әрекет еткен әрі олардың әрекеттері ҚР Азаматтық кодексінің талаптарына қайшы емес. Осыған байланысты, тараптар арасында туындаған келіспеушілік азаматтық-құқықтық сипат алып, сотта қаралуы тиіс болған.

БҚО КП-ның кәсіпкерлердің құқын қорғау мәселелерінде прокуратурамен өзара қатынаста жиналған оң тәжірибелерін есепке ала отырып, Палата арызды өз ұстанымдарымен қоса, Орал қаласының прокуратурасына жіберді. Нәтижесінде, қылмысты қудалау органдары «Нафта» сауда үйі» ЖШС әкімшілігінің әрекеттерінде қылмыс белгілері болмағандықтан, қылмыстық істі тоқтату туралы заңды қаулы қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер