astana-view

Маңдайшадағы жазу жарнама ма?

2016 жылғы 01 Сәуір
- Павлодар облысы
15563 просмотров

Жарнама туралы заңның толыққанды болмауының кесірінен даулы мәселе туындады

«Шиномонтаж» деген жазуды ілгені үшін кәсіпкерге салық қарызын төлесін деген талап қойылған. Ал, ҚР «Жарнама туралы» заңында маңдайшадағы жазу жарнамаға жатпайды делінген. Бұл өлшем сауда орталықтарындағы объектілерге, қоғамдық тамақтану орталықтары, қызмет көрсету орталықтарына қатысты. Осы жерде даулы мәселе туындайды: қызмет көрсету деген ұғымның нақты не екенін білдіретін сөз жоқ, сондықтан тараптар заңды өздігінше бұрмалайды.

Бұл мәселе кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің күн тәртібінде қарастырылды.

«Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасына «Беспалов С.В.» ЖК салық органдарының заңсыз әрекетіне шағым түсірді. Биылғы наурыз айында ол салық органдарынан маңдайшадағы жазудың салығын төлемедің деген ескерту хат алған. Кәсіпкер аталмыш салыққа наразы. Мәселені зерттей келе «Шиномонтаж» деген жазу сыртқы жарнамаға жатпайтынын анықтадық. Біздің ойымызша, шиномонтаж қызметі тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады. Сондықтан оның маңдайшадағы жазуына салық төленбеуі тиіс. Бірақ заңда осы нәрсе  нақты көрсетілуі керек», – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әлішер Қандыбаев.

Сәулет бөлімінің мамандары мұндай жағдайларды рейд жасап жүріп анықтайтынын айтады. Фотосуреттерге түсіріп, салық органдарымен бірлесе жұмыс жасайды. Бірақ тексеріліс жасалды деген акті тіркелмеген.

Кеңестің мүшелері бұл жағдай жүйелі түрде қайталана беруі мүмкін, сондықтан заңды шешімдер қабылдануы тиіс деп отыр.

«Бұл жағдайда бірнеше заң бұзушылық орын алып отыр. Біріншіден, тексеріс жүргізілді деген акті жасалмаған. Кәсіпкер тек салық органына қарызсың деген хабарлама алған. Неге сүйеніп жасалған хабарлама? Екіншіден, қарыз талап етілген. Бірақ шиномонтаж қызмет көрсету түрі немесе еместігі жөнінде бірде-бір нормативті акті көрсетілмеген. Сондықтан мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп білеміз», – дейді Кеңестің төрағасы Нұрлан Нәбиев.

Кеңестің басқосуынан кейін кәсіпкерге ескерту хабарламаны сот бойынша заңсыздығын дәлелде деген кеңес берілді. Бұл тарапта палата барынша көмек қолын созуға ынталы. Оның үстіне «Атамекен» ҰКП қарастыратын мәселелер тізіміне жарнама мен маңдайшадағы жазуға қатысты түйткілді де ортаға салу керектігі жөнінде шешім қабылданды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер