astana-view

Бизнеске мемлекеттік функцияларды атқару ұсынылды

2016 жылғы 01 Сәуір
9671 просмотров

Функцияларды бәсекелі орта мен өзін өзі реттеу ұйымдарына тапсыру нарық даярлығына байланысты болмақ

«Атамекен»  ҰКП бәсекелі ортаның мемлекеттік функцияларды өз мойнына алуға даярлық деңгейі бойынша ақпарат жинау жұмысын бастап кетті.

Осыған байланысты атқарылуы қажет әрекеттер:

1. кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері берілген мемлекеттік функция тізімін қарауы қажет;

2. кәсіпкерлік субъектісі немесе олардың бірлестіктері (қауымдастық, ЖШС, АҚ, ЖК) өз мойнына алуды ұсынып отырған функциялардың бір немесе бірнеше тобын таңдау;

3. мемлекеттік функцияны беру тәсілін қаржыландырудың мына түрлеріне қарай таңдау:

  • аутсорсинг (бюджет есебінен)
  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  (бюджет есебінен)
  • мемлекеттік тапсырма (бюджет есебінен)
  • қызмет алушы есебінен (мысалы, техникалық байқау немесе функцияны ерікті ӨРҰ тапсыру, яғни мүше болу міндетті емес)
  • өзін өзі реттеу («Өзін өзі реттеу туралы» заңға сәйкес міндетті мүше болу).

Берілген функцияны ұсынылатын кестеде функция атауы, тәсілі мен қабылдаушы тарап деген жолдарды толтыру арқылы көрсету қажет («Бизнес- мемлекеттік функция тізімі»).

Тәсілді таңдау кезінде (аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсырма, қызмет алушы) ӘР функция үшін ұсынылатын Нарық даярлығын талдаудың сараптамалық формасын толтыру (НДТ) қажет.

Бүгінгі күні бұл бағалаушылар мен аудиторлар үшін өзекті болып отыр, себебі бұл салалар коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) міндетті мүшелігіне өткен. 

Өзін өзі реттеудің міндетті таңдауы кезінде Реттеу әрекетінің сараптамасын (РӘС) толтыру қажет. Коммерциялық емес ұйымдардың міндетті мүшелігінде болу талабы заңнамамен қарастырылмаған салаларда өзін өзі реттеудің ерікті  түрінен міндетті түріне кезең кезеңімен өту мәселесін қарау ұсынылады. Бұл үшін мемлекеттік функцияларды ерікті ӨРҰ аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсырма, қызмет алушы қаражаты арқылы ішінара табыстау мәселесін қарау қажет. Бұл үшін де Нарық даярлығын талдаудың сараптамалық (НДТ) формасын нақты бір БӘСЕКЕЛІ функция бойынша толтыру қажет (егер бірнеше функцияны алу ниеті болса, НДТ әр функция үшін бөлек толтырылады).

НДТ толтыру кезінде алу тәсіліне қарай таңдалған баламаны барынша толық сипаттап, ерікті формада Балама 2 – қазіргі жағдай (бұл егер мемлекеттен алған функияны сақтағанда шығады) жолын толтыру қажет.

«Балама ықпалын анықтау» деп аталатын 5-ҚАДАМҒА назар аударыңыз. Мұнда бизнес, яғни қабылдаушы тарап үшін, мемлекет үшін және тұтынушы үшін барлық мүмкін болатын перспективалар мен тиімділікті көрсету қажет. Мемлекет бюджет есебінен жүзеге асатын тапсыру тәсілін таңдаған кезде «Баламаларға арналған шығындар» деп аталатын 6-ҚАДАМҒА назар аударған жөн. Бұл бөлімде нақты функцияны шамамен беруге кететін құны көрсетіледі. Бұл сома тапсырудың болашақтағы (1-5 жыл) экономикалық тиімділігімен салыстыра отырып бағаланады.

НДТ-ны толтыру үлгісі беріледі.

Жиналған ақпаратты (бизнес-мемлекеттік функциялар мен әр функция бойынша толтырылатын НДТ) Ұлттық палатаның тиісті салалық бөліміне жіберу қажет. Олар өз кезегінде алынған ақпаратты нақты сала (Бизнеске берілетін мемлекеттік функциялар тізімі) бойынша салыстырады да, НҚА Жобалар сараптамасын үйлестіру департаментіне жолдайды.

Жиналған ақпаратты 2016 жылдың 8 сәуіріне дейін ресми түрде info@palata.kz электронды мекенжайына «Мемлекеттік функциялар тізімі мен әр функция үшін НДТ-ны» ұсыну арқылы жолдау қажет.  

Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрлік, Қорғаныс министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі функциялары мына жерде.

Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Энергетика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі функциялары мына жерде.

Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Инвестиция мен даму министрлігі функциялары мына жерде.

Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі функциялары мына жерде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер