astana-view

Палата заңгерлері мемлекеттік сатып алуға қатысушының құқығын қорғады

2016 жылғы 05 Сәуір
- Алматы қаласы
9968 просмотров

Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы Алматы қаласы ӨКП-сына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді

«Imperia Bio Империя Био» ЖШС Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасына бірінші инстанцияның сотында құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмектесуге өтініш білдіре келген еді.

Аталмыш компания «ҚР ІІМ Кинологиялық орталығы» ММ-ның қызметтік иттеріне жалпы сомасы 237 891 теңгеге 46 түрлі ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен ветеринарлық мақсаттағы бұйымдарды жеткізіп тұрған. «Imperia Bio Империя Био» ЖШС міндеттемелерін адал орындағанымен, бір аптаға болар-болмас кешіктіруге жол берген.

Жеткізу мерзімінен кешіктіргені себепті «ҚР ІІМ Кинологиялық орталығы» ММ компанияның үстінен сотқа шағым түсірген. Бұл жағдай кейін компанияны жауапсыз жеткізушілер тізіліміне енгізу арқылы оның 2 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмеуіне себеп болар еді.

Іс материалдарынан:

«арыз беруші Жеткізушінің Шарттың 2.4 тармағында көрсетілген шартты орындау мерзімін бұзғандығын, бұл осы Шарттың «Жеткізушінің Тауарды жеткізуі Шарттың №1 Қосымшасында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады» деген 4.1 тармағының талаптарына қайшы келетінін көрсеткен».

Талап қою арызы мен барлық жағдайларды зерттеген соң, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы жауап берушінің мүддесіне қарай талап арызына пікір жобасы дайындалды. Жеткізушінің №1 қосымшада көрсетілген шарт талаптары толығымен орындағаны анықталды. Оған 28.12.2015 жылғы тауарды қабылдау-тапсыру актісі, Тапсырыс берушінің мекен жайына жіберілген шот-фактура және тауарды толығымен жеткізгені үшін алынған төлемнің өзі дәлел. Шарттағы №1 Қосымшада мынандай мәліметтер көрсетілген: «тауардың атауы, өлшем бірлігі, тауардың жалпы саны, бірілік бағасы, жеткізілген тауардың жалпы құны». Жоғарыда айтылған Шарттағы №1 Қосымшада тауарды жеткізу мерзімі жазылмаған. Шарттың 2.4 тармағын негізге алған Тапсырыс берушінің Жеткізуші тауарды жеткізу мерзімін 7 күнге кешіктірді деген айыптауының өзінде, Шарттың осы тармағын бұзу жағдайына қатысты Тапсырыс берушіге қандай да бір залал келмеген.

10.03.2016 жылғы Алматы қ. МААЭС-тің шешімі бойынша, жауап берушінің өкілі Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы келтірген дәлелдер ескеріле келе, арызданушы «ҚР ІІМ Кинологиялық орталығы» ММ-нің «Imperia Bio Империя Био» ЖШС-ні мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап арызы қанағаттандырылмады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Осылайша, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолданылған шаралардың арқасында (орындаушы – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің сарапшысы Бауыржан Сералиев) кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды және жауап берушіні Мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушылары тізіміне іліктірілмеу үшін шаралар қолданылды.

«Imperia Bio Империя Био» ЖШС мен Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы  Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасына және оның қызметкері Бауыржан Сералиевке көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіріп, жұмысына табыс тілейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер