astana-view

Кәсіпкерліктің мүддесін жаңа деңгейде қорғау

2016 жылғы 06 Сәуір
8214 просмотров

ҰКП төрағасы кәсіпкерлер арасынан сайланған депутаттарға өз мүмкіндіктерін кәсіпкерлікті қорғауға жұмсауға шақырды

Тимур Құлыбаев өңірлік бөлімдерді, «Атамекен» ҰКП Төралқасын және Ұлттық палатаның бұрынғы қызметкерлерін ҚР Мәжілісінің VI жаңа шақырылымына сайлануымен құттықтады.

«Атамекен» ҚР ҰКП бүгін салтанатты жиында бас қосты. Басты себеп кәсіпкерлікке қандай да қатысы бар, болған, мемлекет пен кәсіпкерлік арасында диалог орнатуға септігін тигізіп жүрген Парламенттің Мәжіліс депутаттарын құттықтау.

Бірақ ең алдымен басқарма мүшелеріне ҰКП басқарма төрағасының жаңадан сайланған кеңесшісі Қайырбек Сүлейменов таныстырылды. Ол жемқорлыққа қарсы күрес пен көлеңкелі экономикаға қатысты мәселелерді басқарады.

«Органда талай жыл істеп, бірнеше қызметтің басын шалған тәжірибелі Қайырбек Шошанұлы сияқты азамат аталған сала үшін көп пайдасын тигізеді деп сенеміз. Шен таққан адамдар білмегенде ондай құбылыстың қыр-сырын басқа кім білуі мүмкін?», – деп атап өтті «Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаев.

Құттықтаудан соң төраға «Атамекеннің» ІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен Мейрам Пішембаевты, Аманжан Жамаловты, Кеңес Әбсатировты марапаттады. Өңірлік бөлімдердің басшылары, қазір енді жаңа Мәжілістің депутаттары атанған Павел Казанцев, Мұрат Теміржанов, Абзал Ералиев, Иван Клименко «Атамекен» төрағасының қолынан алғыс хаттар қабылдап алды.

Тимур Құлыбаев Парламент депутаттарын заңнамалар қабылдар сәтте кәсіпкерліктің мұқтаждығын ескеруін, қазақстандық кәсіпкердің мүддесін қорғауға шақырды.

«Парламент – конституциялық орган, сондықтан сіздерде, оның өкілі ретінде, біздің «Атамекеннен» гөрі өкілеттілік жоғары. Сіздерге өтініш, отандық кәсіпкерлікті қолдау үшін, ары қарай дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өз кезегінде сіздерді кәсіпкерлікке қатысты үнемі толыққанды, жедел, әрі  талдамалы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады. Заңнаманы талқылаған кезде, қабылдау кезінде сол заңдар кімдер үшін қабылданып жатқаны мейлінше ескерілуі үшін өмірдегі ақиқатты көре, біле отырып, тиімді заң шығаруға тырысу үшін», – деді Тимур Құлыбаев.

Кәсіпкерлер арасынан халық қалаулылары кәсіпкерліктің мүддесіне қызмет етіп, одан ары қарайда жаңа деңгейде, білікті түрде кірісетініне уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер