astana-view

ТҚҚК мониторингінен соң сауда орындары отандық өнімді қабылдамайтын болған

2016 жылғы 07 Сәуір
8489 просмотров

Қазақстандық өндірушілер «қара тізім» қатарын толықтырып тұрғанда дүкен сөрелерін күдігі мол импортты азық-түлік басып жатыр

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің азық-түлік қауіпсіздігіне жасаған мониторингі нәтижелері бойынша селекторлық отырыс өтті. Сонымен бірге кездесуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінің Кедендік реттеу және метрология комитетінің, салалық қауымдастықтар, отандық өндірушілер, сонымен бірге ірі сауда ритейлерінің өкілдері қатысты.

ТҚҚК Техникалық регламенттер мен санитарлық шараларды бақылау жөніндегі басқарма басшысы Нұрқан Сәдуақасов биылғы жылдың қаңтар айындағы нәтижелер бойынша баяндама жасады. Мемлекеттік орган деректері бойынша өңірлердегі аумақтық бөлімшелер зертханалық зерттеуден өткен өнімдердің 1692 үлгісін сатып алған.

ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК зертханалары жүргізген зерттеулер нәтижелері бойынша өнімдердің 249 үлгісі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген. Регламентке сай келмейтін өнімдердің негізгі бөлігі мына елдердің үлесіне тиесілі: Ресей Федерациясына –  127 (51%), үлесіне, Қазақстан Республикасына – 77 (31%), Беларусь, Украина және өзге елдерге (Әзербайжан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Латвия, Бельгия, Италия, Испания, Германия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Сербия, Таиланд) – 1%-ға дейін.

Техникалық регламенттер талаптарының бұзылу белгілері: қауіпсіздік талаптарына сай келмеу – 17% (42 сынама), көрсетілген қасиеттері немесе көрсеткіштеріне сәйкес келмей, тұтынушыларды жаңылдыратын өнімдер – 13% (32 сынама), таңбалау талаптарын сақтамау – 70% (175 сынама).

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін азық-түлік отандық өндірушілер үлесіне келгенін айта кету керек. Сауда желісіндегі барлық сәйкес келмеушілік фактілері туралы өндірушілер мен кәсіпорындар ұйғарымдар мен тиісті тексерістер арқылы құлақтандырылған. Алайда кездесуге қатысып отырған азық-түлік өндірісінің өкілдерінің айтуынша, мұндай ұйғарымдар кештетіп жеткен және олар өз өнімдерінің сатылғанын, зерттелгенін және КО ТР талаптарына сай келмейді деп танылғанын үшінші тұлға тарапынан (БАҚ, сауда желілеріндегі байланыстар және т.б.) естіген. Істің мән-жайын анықтап, іріктеу актілері мен сынама хаттамаларын алмақ болғандарға ТҚҚК өңірлік бөлімшелері бұл «құпия ақпарат» деген жауап қатқан.

Мұндағы тағы бір проблема талапқа сай келмейтін өнімдер тізіміне өткен өнім оның қандай топтамаға жататыны мен сынамалардың қайда жасалғанына қарамастан ҚР көптеген сауда орындарына қабылданбай отыр.

Отандық өндірушілер мониторинг нәтижелерін талқылау барысында  үшінші елдерден келіп жатқан, құрамында сүт майын алмастырғыш бар, бірақ таңбасында бұл туралы мәлімет берілмеген (фальсификация) сүт өнімдерінің толассыз легіне де алаңдап отырғанын жеткізді. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар келесі селекторлық отырысқа Ауыл шаруашылығы министрлігінен өз өнімдерін ЕАЭО аумағына импорттайтын үшінші елдердің азық-түлік өндірушілерін инспекциялау тәртібі туралы ақпарат беруін сұрады.

ТРМК төрағасының орынбасары Ержан Қарасаев селекторлық отырыс барысында сәйкестікті растау туралы құжаттарды заңсыз беру деректері, сонымен бірге Өнімді алып тастау және қайтарып алудың жаңа ережелері бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеушілікке қатысты мемлекеттік бақылау нәтижелерін түсіндіріп берді. Техникалық реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттері өзге де бақылаушы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік орнатуын жалғастыруда. Мысалы, ТРМК атына ТҚҚК-нен келіп түскен материалдар бойынша сертификаттау процедураларын бұзу деректері 15 жерде анықталған. Өнімнің міндеттелген талаптарға сай келетіні туралы құжаттарды заңсыз беруді тексеру үшін аумақтық департамент аккредитация субъектілеріне 35  рет жоспардан тыс тексеріс өткізген. Тексеріс нәтижелері бойынша 1500 сәйкестік сертификатының заңсыз берілгені туралы деректер анықталып отыр. Айыпты лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік жаза шаралары тағайындалып, өз жұмыстарын орындау тәртібін бұзғандары үшін СРО аккредиттеу аттестаттары мен сарапшы-аудиторлардың 13 аттестатын тоқтата тұру шаралары қабылданған. Сондай-ақ, прокуратура органдарымен бірлескен тексеріс шараларының нәтижелері бойынша (47 тексеріс) техникалық реттеу және метрология саласында орындалған әрекеттердің 75%-да  заңнаманы бұзу фактілері орын алған.

Мұнымен қоса, Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара әрекеттестікте тұрақты түрде импорттаушылар ұсынған елге әкелінетін өнімдердің сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқалығына тексеру жүргізіледі және сәйкестікті бағалау міндетті деп танылған тауарлардың талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ болған жағдайда олардың өнімдерін импорттамау шаралары жүзеге асады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер