astana-view

Жергілікті өндіріс хақында бірер сөз

2016 жылғы 08 Сәуір
- Жетісу облысы
8976 просмотров

Талдықорған қаласында отандық өндірісті дамыту және мониторинг бойынша комиссиясының отырысы өтті

Бұл комиссия кәсіпкерлер палатасының ықпалымен құрылған. Оның құрамына аудандық кәсіпкерлер палатасы, аймақтық кәсіпкерлер кеңесі және жергілікті орындаушы органдар кіреді.

Сонымен қоса, жиынға жиырмаға жуық фирманың өкілдері қатысып,  жобалы-сметалық құжаттармен және құрылыспен айналысатын кәсіпорындарды жандандыру жайында сөз қозғалды. Жетекшілер жағы өз компаниялары туралы ақпараттарды бөлісіп, презентация ұсынды. Мәселен, «Aluminium of Kazakhstan» атты алюминий өндіріс орны 10 баллды сейсмикалық толқынға төтеп бере алатын өнімі туралы бейнеролик көрсетті.  

«Alageum electric» электротехникалық зауытының директоры  Жандилля Ильясов компанияның 15 жылдық қызметінде аралық станциялардың салынуы, электротехникалық жабдықтардың және электр қуатын тарататын құрылғылардың монтаждалуы бойынша жүзеге асырған жүздеген жобалары туралы айтып берді. «Біз 6-дан 110-кВ ға дейін қызмет көрсетеміз. Сонымен қатар, үш жыл сайын жаңа зауыт нысанын тұрғызып, ескі құрылыс нысандарын қайта жөндеу арқылы жаңа деңгейге көтеретін жалғыз компания екенін атап өткім келеді. Айтқандай, өткен жылы Орал қаласында Ресей нарығына бағытталған трансформатор зауытын пайдалануға бердік», – дейді Жандилля Ильясов.

Отырысқа қатысқан кәсіпкерлер өздерін мазалап жүрген мәселелерді ортаға салып, ескертулер айтты. Олардың сөзіне сенсек, техникалық ерекшеліктер дұрыс құрылмағандықтан, кейбір жобалар жүзеге аспай қалады екен. Алайда, құжаттарды дұрыс рәсімдемегендіктен немесе техникалық қателіктердің кесірінен мемлекеттік  сатып алуға қатыса алмайтындығы белгілі болды. «Осындай сұрақтардың жауабын тез табу үшін, бизнес қауымдастықтар құқықтық жобаларға немесе басқа да маңызды құжаттарға өз ұсыныстарын енгізіп, белсенділік танытулары қажет. Сонда ғана біз еркін бизнестің дамуына келтіретін кедергілердің алдын ала аламыз», – дейді ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Сондай-ақ, Алматы облысында тауар өндірушілердің сайтын интернет желісіне шығаруға дайындап жатырмыз. Бірыңғай интернет-ресурсында аудандық өндіріс орындары тауарларының тізілімі, жұмысы және қызметі туралы ақпараттар енгізілетін болады. Ал, келесі комиссия отырысында құрылыс және жобалауға  байланысты мәселелер қозғалады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер