astana-view

Бизнестің мүддесін қорғауды күшейту қажет

2016 жылғы 13 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
10894 просмотров

СҚО Ішкі істер департаменті және Кәсіпкерлер палатасының алдына осындай міндет қойылды

Ведомство басшылары ынтымақтастық туралы жаңартылған меморандумға қол қойды

«Біздің бүгінгі кездесуіміз ішкі істер органдарының кәсіпкерлік өкілдерімен ынтымақтастығын дамытуға, полиция жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге арналған. Бұл біздің бірінші кездесуіміз емес екенін айта кетейік. Өткен жылы біз осындай форматтағы іс-шараларды бірнеше рет өткіздік және бұған дейін де алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың проблемалық мәселелерін талқыладық. Сіздердің бәріңіз СҚО Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ, алкогольдік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, алкогольге қарсы заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылуына куә болдыңыздар. Қол жеткен уағдаластықтардың нәтижесінде барлық мүдделі ведомстволар қызметкерлері мен жұртшылықтың арасынан арнайы топ құрылды, оның жұмысы алкогольдік өнімді заңсыз саудалау фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмысты едәуір жандандыруға мүмкіндік берді», – деді отырысты ашқан СҚО ІІД басшысы полиция генерал-майоры Берік Біләлов.

Расымен де, қазіргі уақытта өңірлік палата ішкі істер органдарымен облыстық деңгейде де, аудандық деңгейде де бірқатар бағыттар бойынша өзара белсенді әрекет жасауда.  

«Біз бүгін бұған дейін өзіміз қол қойған меморандумды жаңарта отырып, құқық қорғау органдары мен бизнес субъектілерінің өзара қарым-қатынасы көбірек тоғысатын салаларда ынтымақтастықты одан әрі күшейте түсеміз. Бұның ішінде алкогольдік өнімдерді сатып өткізу де, оған қоса бұған арналмаған орындарда сату мәселелері де, тасымалдаушылардың ІІД құрылымдарымен өзара қарым-қатынасы да бар. Яғни, бұл негізінен  алкогольді сатып өткізумен, тасымалдаумен және т.б. айналысатын тіркелмеген бизнес субъектілерінің тарапынан болатын әділетсіз бәсекелестік проблемалары, олар облыстың аудандарында да, Петропавл қаласында да кездеседі, және де бұл жалпы алғанда ресми тіркелген кәсіпорындардың жұмысына теріс ықпал етеді. Міне, біздің жұмысымыз дәл осы бағыттарда шоғырланатын болады. Біз осы меморандумға қол қою бизнес пен облыстың ІІД іспетті билігімен арадағы өзара қатынастарды жақсартуға көмектеседі деп сенеміз, тиісінше, осы саладағы проблемаларды азайтуға, бизнес субъектілері арасында заңдардың орындалу деңгейін көтеруге, сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілер мен тәуекелдерді азайтуға ықпал ететін болады», – деп атап өтті СҚО КП директоры Тұрар Ысқақов.  

Бірлескен ынтымақтастық аясында осы жылы да рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу, сонымен бірге, кәсіпкерлік өкілдерімен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен түрлі кездесулер және семинарлар өткізу жалғасатын болады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері айтқандай, бірлескен жұмыстың тиімділігіне күмән келтірудің жөні жоқ, оған қоса, қазірдің өзінде нақты нәтижелер бар.

«Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, біз алкогольдік мас күйінде жасалған қылмыстарды 15 %-ға қысқартуға қол жеткізгенімізді атап өтемін. Қазіргі күнге дейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлімі бойынша тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 13 жүргізуші заңсыз жолаушы тасымалдау фактісімен жауапқа тартылды.  Сондай-ақ, биылғы жылдың 3 айында алкогольдік заңнама бойынша 134 құқықбұзушылық тіркелді – бұл алкогольдік өнімдерді 21 жасқа дейінгі тұлғаларға сатудың 44 фактісі, сатудың белгіленген уақытын бұзудың 13 фактісі, этил спирті айналымының ережелерін бұзу  және алкогольдік өнімді заңнамада көрсетілмеген жерлерде сату бойынша 13 құқықбұзушылық», – дейді СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Әсия Әбжанова.

Отырыс барысында оған қатысушы кәсіпкерлер мұндай ынтымақтастықтың кәсіпкерлердің мүліктік құқықтарын тиімді қорғау ісіне жаңа серпін беретініне сенім білдірді, сондай-ақ, бизнестің жүйелік проблемаларын шешуде бірыңғай тәсілді әзірлеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеуге көмектеседі.

Тараптар ынтымақтастық туралы келісімді өздерінің қолдарымен бекіткеннен кейін, СҚО ІІД басшысы Берік Біләлов ішкі істер органдарына жан-жақты көмек пен қолдау көрсеткені, өздеріне жүктелген міндеттерін лайықты орындағаны және белсенді  азаматтық ұстанымдары үшін  СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақовты, «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалы төрағасының орынбасары Артур Молдағұловты, «Солтүстік Қазақстан автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенованы және «Риск» Кәсіпкерлер одағы» ҚҚ басқарма төрағасы  Игорь Бухонинді алғыс хатпен марапаттады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер