astana-view

Тимур Құлыбаев: «Микронесиелеу – ауылдағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етудің жылдам әрі тиімді тәсілі»

2016 жылғы 14 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
9266 просмотров

Қазақстанда тұрғындардың жартысына жуығы ауылда шоғырланғандықтан, аграрлық бизнес көптеген проблемаларды шеше алады

Бұл жайында Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев айтты.

«Біз сөрелерде импорттық азық-түлік өнімдері басым екенін көріп жүрміз. Тіпті азық-түлік себеті те отандық өніммен толтырылмайды! Егер біз валютаны азық-түлік өнімдерін шеттен алуға жұмсайтын болсақ, инфляцияны қайтып ұстап тұруға болады?  Импорттық тауарлардың құны ішкі нарыққа ықпал етеді, ал одан әрі – елдегі инфляцияны көтереді. Ал,  Ресей Федерациясының бес облысымен шектесетін Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындарына импорттық тауарлармен бәсекелесу тіпті қиын», – деді ҰКП басшысы.

Оның айтуынша, ауыл бизнесіне нақты көмек керек. Ол үшін АӨК-ті мемлекеттік қолдау шараларын және субсидиялау жүйесін жетілдіру, жер суаруды және суландыруды дамыту бағдарламасын әзірлеу, ауылшаруашылық машина құрылысын дамыту мүмкіндіктері бойынша жаңа тәсілдер табу, «Агробизнес – 2020» бағдарламасын жандандыру қажет.  «Бүгінгі күні бизнесті қолдау бойынша маңызды құрал микронесиелеу болып табылады.  Бұл әсіресе, ауылдағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етудің ең жылдам және тиімді тәсілі», – деп атап көрсетті Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» басшысының айтуынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында  паритеттік шартпен жекеменшік бизнестен де, жергілікті атқару органдарынан да 300 млн. теңгеден бөлінеді.

БҚО әзірше осы процеске енгізілген өңірлердің қатарына кірген жоқ, бірақ соның өзінде де бұл бағытта қозғалыс бар. «Біз әкімдіктің қолдауына ие болдық. Енді ірі бизнестен жауап ишарат күтіп отырмыз, ол қазіргі экономикалық қиын жағдайлар кезінде ШОБ-қа көмектесе алады және көмектесуге міндетті», – деп түйіндеді Тимур Құлыбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер