astana-view

ЕАЭО-ға бірыңғай валюта қажет пе?

2016 жылғы 15 Сәуір
8719 просмотров

ЕАЭО бірыңғай валютасын енгізу мәселесінде консенсус болу керек

РФ Президенті Владимир Путин тікелей эфир кезінде ЕАЭО бірыңғай валютасын енгізу туралы қойылған сұраққа осылай жауап берді.  Оның айтуынша, «бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық даму деңгейлері мен құрылымдары теңескенде  мүмкін болуы ықтимал». Грекиядағы дағдарысты сөз ете отырып, Ресей Президенті «Еуроодақтың оған мүше елдер экономикасының деңгейі әр түрлі бола тұра, бірыңғай валютаны енгізіп жіберген қателігін еш уақытта қайталамауымыз қажет» деген пікірін жеткізді.

«Мұның бәрі ортақ қазаннан үзіп-үзіп берудің салдарынан болып отыр, бұл экономика мен оның құрылымының оң дамуына жақсы әсерін тигізбейді. Біз өзіміздің одақ ішінде осы проблемалық мәселелердің барлығын ескере отырып, алға жылжуымыз қажет. Бұл мәселе Ресейдің де, ЕАЭО жөніндегі серіктестеріміздің де ортақ қалауы болуы керек, толық келісім орнауы қажет», – деп түйіндеді сөзін В.Путин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер