astana-view

Жоғары сот Өскемен май зауытын қолдады

2016 жылғы 15 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
11357 просмотров

Банк пен кәсіпорын арасындағы дау зауыттың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына кедергі болмауы тиіс

«Өскемен май зауыты» ЖШС қазақстандық нарықта «Аскан» және «Заречное» сауда маркалы тазартылған күнбағыс майын шығарады.

Кәсіпорын жылына шамамен 11 000 тонна өнім өндіреді, жергілікті бюджетке 100 миллион теңгеге жуық сомада  салық және өзге де төлемдер аударады. Бұл тұрғыда зауыттың ешқандай берешегі жоқ.

«Біздің зауытта 200-ден астам адам жұмыс істейді, олар тұрақты түрде, ешбір іркіліссіз жалақыларын және әлеуметтік пакеттерін алады», – деп атап өтті «Өскемен май зауыты» ЖШС-нің директоры Илья Батов. – Біздің кәсіпорын меценат ретінде мұқтаж жандарға көмек көрсетеді және көптеген бағдарламаларға қатысады».

Алайда, 2011 жылы кәсіпорын шешілуі бақандай 5 жылға созылған бір проблемаға тап болды.

Атап айтқанда, кәсіпорын  «Агробизнес – 2020» бағдарламасына қатысуға тілек білдіріп, ШҚО Кәсіпкерлер палатасына алдын ала өтініш жолдайды. Істің мәнісі бойынша, ««Банк ВТБ» Қазақстан» – банк-оператордың тарапынан негізгі келісімнің шарттарын бірнеше рет бұзудың салдарынан Өскемен май зауыты айтарлықтай қаржы қиындығына тап келді.

«2014 жылдың қараша айынан бастап, біз қайта жаңартылған келісім-шарт бойынша несие қаражатын бөлу туралы ВТБ банкінің атына бірнеше рет өтініш жасадық, бірақ қаражат банктің бастамасымен бөлінбеді», – дейді кәсіпорын директоры Илья Батов.  

Серіктестік пен банк арасында несиелік желі ашу жайында 2011 жылдың 10 маусымында келісім жасалған, соған сәйкес борышкерге 2 миллиард теңгеден астам сомаға несиелік желі ашылған, жаңартылатын бөлігінің мерзімі 2016 жылдың 21 қыркүйегіне дейін, жаңартылмайтын бөлігінің мерзімі 2021 жылдың 30 шілдесіне дейін, 11% жылдық мөлшерлемемен сыйақы төленеді.

Палатада айтылғандай, негізгі келісім-шарттың түйінді пунктіне сәйкес, банктің пайыздық мөлшерлемесі жылдық 11 %-ды құрады, ал банк ұсынған 25%-дық жылдық мөлшерлеме кәсіпорынды зиян шегушілердің қатарына қосуды көздейді және келісім-шарттың маңызды шарттарына қайшы келеді, мұның өзі, шын мәнісінде, заңсыз және келісім-шарттың бүкіл мән-мағынасына нұқсан келтіреді.

Дәл сол сәтте қажетті қаржыландырудың болмауы шикізат жеткізудің кідірісіне, өндірісті тоқтатуға, дайын өнімді өткізу нарығын жоғалтуға, мамандардан айрылуға әкеп соғар еді. Мұның соңы – кәсіпорынның банкрот болуымен аяқталады.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы арқылы қаржыландыру «ВТБ Банк» Қазақстан» тәрізді екінші деңгейлі банк арқылы жүретіндігін ескере отырып, май зауыты «Агробизнес – 2020» Бағдарламасының әкімшісі – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдындағы міндеттемелерін тікелей орындай алмайды, себебі банк бүкіл ақша қаражатын пайыздарды  және негізгі қарызды өтеу шотына аударады.

«ҚР-да кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, ең алдымен, банктерді емес, АӨК-тің шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға және сауықтыруға бағытталатынын атап өткіміз келеді. Банк пен май зауыты арасындағы дау «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары қатарынан шығарып тастауға негіз бола алмайды деп есептейміз», – деді ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында «ӨМЗ» ЖШС-інің «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуын ұзарту жөнінде өтініш жасады.

Осылайша, кәсіпорын шетін шараларға баруға және ШҚО-ның экономикалық сотына жедел сауықтыру рәсімін қолдану жайында талап-арыз беруге мәжбүр болды.

Сонымен өтінішті облыстың прокуратурасы, Кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік кіріс департаменті қолдады. Талап-арыз ішінара қанағаттандырылды. Кәсіпорынға сұратылған 4 жыл 11 айдың орнына 2 жыл мерзім берді.

Бірінші инстанциядағы сот серіктестіктің өтінішін ішінара қанағаттандыра отырып, серіктестік ұсынған дәлелдемелер  «Өскемен май зауыты» ЖШС-нің төлем қабілетсіздігін  дәлелдейтініне сілтеді, ол таяудағы он екі айда міндеттемелерді орындау мерзімі  келген кезде кредиторлық берешекті  төлеуге қабілетсіз болып шығады.

Апелляциялық инстанциядағы сот, соттың шешімін жойып және серіктестіктің өтінішін толық көлемде қанағаттандыра отырып, бірінші инстанциядағы сот бекіткен екі жылдық жедел сауықтыру мерзімі кәсіпорынды сауықтыруға анық  жетпейтінін білдірді.

Осылайша, мерзім 4 жыл 11 айға ұзартылды.

Бірақ, «Банк ВТБ Қазақстан» Жоғарғы сотқа кассациялық өтініш берді.

Нәтижесінде, ҚР Жоғарғы соты Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының шешімін қайта қарау туралы  қолдаухат беруден бас тарту жөнінде қаулы шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер