astana-view

Канадалық сеньорлар бизнесті қалай табысты жүргізуді үйретеді

2016 жылғы 20 Сәуір
9134 просмотров

Канадалық CESO компаниясы Қазақстанның шағын және орта кәсіпорын басшыларына бизнесті жүргізуге көмек көрсетеді

Бүгін «Аға сеньорлар» жобасы аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен канадалық CESO компаниясы жасаған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Аға сеньорлар» құрамдасы «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында халықаралық шетелдік ұйымдармен бірлесе іске асырылатынын еске саламыз. Шетелдік ұйымдар Аға сеньорлардың қызметін үйлестіреді, олар Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарын дамытуға көмектеседі, өз білімдері мен тәжірибелерін береді.

Канаданың ҚР-дағы елшісі Шон Стайлдың айтуынша, CESO компаниясы 1967 жылдан бері жұмыс істейді, және де қазір бұл ұйым өз қызметін тек Канадада ғана емес, сонымен бірге әлемнің 120 елінде ұсынып отыр. «Мен CESO «Атамекен» үшін көптеген себептер бойынша өте жақсы әріптес болады деп есептеймін. Осында келіп  инновациялар енгізетін сарапшылар қазақстандық бизнестің тиімділігін арттыруға көмек көрсетеді деп толық сенімдімін», – деп атап өтті канадалық дипломат.  

Оның айтуынша, Аға сеньорлардың сарапшылық көмегі персоналды оқытуға және бизнесті жүргізу бойынша туындаған мәселелерді шешудің практикалық машықтарын қалыптастыру мақсатымен техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы проблемаларды шешу кезінде нақты көмек көрсетуге келіп тіреледі.

«Аға сеньор» экономиканың басым бағыттарында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің жоғары және орта буын басшыларына тікелей кәсіпорын территориясында консультация беретін болады. Сондай-ақ, сарапшылар өздерінің қатысушылар толтырған өтініштер негізінде әзірленген практикалық ұсынымдарын береді», – деді Шон Стайл.

«Аға сеньорлар» құрамдасы бойынша шетелдік сарапшыларды тарту жөніндегі шығындарды төлеу, сондай-ақ шетелдік сарапшылардың ұшу шығындары мен көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылады. Ал, сарапшының Қазақстанда жүріп-тұруына байланысты шығындарды (баспана, азық-түлік, ел ішінде көлікпен жүруі, тәуліктік шығындар, сонымен бірге аудармашының қызметі) кәсіпкерлер өздері төлейді.

Меморандумға қол қою барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов «қолайлы бизнес-орта, тиімді заңдар, қаржыға қолжетімділікпен қатар, білімдер мен технологиялардың да мән-маңызы зор» деп атап көрсетті.

«CESO компаниясы ұйымдастыратын бизнес-миссияның көмегімен, біз өзіміздің кәсіпкерлердің құзыреттілігін нақты деңгейге көтеретін боламыз, және де жоспарлап отырған мақсаттарымыздың бәріне қол жеткіземіз», – деп түйіндеді Т.Шотанов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер