astana-view

Таңдау мүмкіндігі бар ма?

2016 жылғы 20 Сәуір
8931 просмотров

Украинадан Қазақстанға Ресей Федерациясының жерімен транзитпен әкелінетін жүк екі мәрте қадағалаудан өтеді

Бүгінгі таңда Украинадан Қазақстанға өтетін жүк Ресей Федерациясынан мұқият қадағалаудан өтеді. Ерекше тәртіп 2016 жылғы 1 қаңтардағы РФ Президентінің №1 Жарғысымен бекітілген. Көлікпен, теміржолмен тасымалданатын жүкке арнаулы пломба салады. Оны жаһандық навигациялық спутниктік ГЛОНАСС жүйесі негізінде қадағалап отырады.

Осы тәртіптің орындалуына сай 6 сәуірде РФ Үкіметі №276 Қаулы қабылдады. Қаулыда 16 сәуірден бастап Украинадан Қазақстанға өтетін барлық жүкке ГЛОНАСС пломбаларын қолдану барлық көлік түрлеріне міндетті болатын болды.

Қаулыда бекітілген жүк тасымалына деген басты талаптар:

РФ аумағына кіргеннен шыққанға дейін арнаулы стационарлы немесе қозғалмалы бақылау пункттерінде пломба салынуы тиіс. Теміржол бақылау пункттерінде де жүйе жұмыс істейді.

Анықтама үшін: белорусс-ресей аумағындағы тексеру пункттері:

Теміржол пункті: Смоленск Сорттау, Смоленск кеденінің Заднепровск кедендік посты;

Авто пункті: Смоленск кеденінің Краснинский кедендік посты;

Пломбыны салу, не алу жүк тасымалдаушының ақысына жүргізіледі.

Автокөлік жүргізушілері РФ аумағына кірген бетте есептік талон алуға міндетті;

РФ аумағынан шыққанда есептік талондарды Федералды қызметтің лауазымды адамына өткізілуі тиіс.

Егер жүргізуші ГЛОНАСС жүйесіндегі пломбаны алу, салу ережесін бұзса, есептік талоны есептелінбей қалады.

Өкінішке орай, бекітілген талаптарға қарамастан, төмендегі ресми ақпарат әлі де белгісіз күйінде қалып тұр:

ГЛОНАСС жүйесі бойынша орнатылатын пломбалардың баға тарифі белгіленбеген;

ГЛОНАСС негізіндегі пломбаларды алу, салу тәртібі;

ГЛОНАСС негізіндегі пломбаларды өткізу кезіндегі тасымалдаушының тарапынан кім жауапты болуы тиіс;

ГЛОНАСС жүйесін негізіндегі пломбаны салу кезіндегі кедендік конвойдың қадағалауымен жүру міндеті;

«Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісованың айтуынша, автокөлік тасымалдаушылары үшін ГЛОНАСС негізіндегі пломба орнатылған АТС-ке қатысты кедендік конвойдың бақылауы туралы мәселе маңызды болып тұр дейді. Себебі, пломба мен конвой екі түрлі бақылау, екеуінің де ақысын төлеу қажет. Бұл дегеніңіз тасымалдаушы үшін қаржылай салмақ салатын жай. Тасымалдаушы үшін де, жүкті тапсырған адам үшін де оңай емес. Осы түйткілдегі кереғарлық отандық кәсіпкерлер үшін біраз дау-дамайлы болып тұр.

Ресейдің Федералды кеден қызметі мен көлік және теміржол тасымалын қадағалау федералды қызметінің арасындағы қарым-қатынастары да бір ізге түспеген. Қаулы негізінде екі қызметке де Ресей арқылы өтетін Украинадан Қазақстанға тасымалданатын жүкке пломбаны алу, салу туралы жағдайға сай орайластыру керек деп бекітілген. Екі қызметті бақылау есебі екі түрлі болғандықтан бұның бәрі қалай жүзеге асатыны түсініксіз.

«Атамекен» ҚР ҰКП атына 16 сәуірден бері тасымалдаушылардан ауызша өтініштер түсіп жатыр. Тасымалдаушылар қазір белорусс-ресей кедендік пункті Смоленск қаласындағы «Красная горкада» тұр. Тасымалдаушылардың түсінгені бойынша, кейбір автокөліктер ГЛОНАСС негізінде салынған пломбаға қарамастан кедендік конвойды күтіп тұр.

Қазіргі таңда ақырына дейін тексерілмеген, тәжірибеден өтпеген, тестіленбеген пломба салу сияқты жаңа өзгеріс кесірінен белорусс-ресей кедендік пунктінде сан алуан көліктер кептеліп, кезекте тұр. Ақыр аяғында барлық ауыртпалық, қаржылай болсын, моральді түрде болсын тағы да жүргізушілердің мойнына салынып, одан қалды жүк қабылдап алатын қазақстандықтардың қанжығасына артылмақ.

Дана Жүнісова пломба салуға дейін де жүйелі түрде біраз қиындықтар орын алғанын айтып берді. Кедендік конвойдың қызметіне төленетін ақы тек аударым болсын деген талапты орындау үшін қаншама  кезек жиналды. Бұл да біздің тасымалдаушылар үшін біраз қиындықты тудырды. Бірақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің, Қазақстанның автокөлік  тасымалдаушыларының халықаралық одағының, ҚР Ресей кедендік қызметінің өкілдерінің   араласуымен ең ұтымды шешімдер табылып отырды. Отандық кәсіпкерлер үшін ең маңыздысы – Еуразиялық одақ мүшелері арасында транзиттік тасымалға қатысты міндетті талаптар әр ел үшін тиянақты болса. Осындай маңызды сауалдардың регламентінің жоқтығы ақыр аяғында отандық кәсіпкерлер үшін тиімсіз болып тұр. Осының кесірінен тасымалдау уақыты созылып, келетін жүктің бағасы өсіп кетіп жатыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП ойынша, тасымалдау шарттарының қосымша немесе жаңа талаптары туралы тасымалдаушыны да, жүктің иесін де дер кезінде ақпарттандырып отыру керек. Кәсіпкерлердің бәрін алдын ала біліп, жағдайға дайын тұруын қамтамасыз етуге барын салу керек.

Украинадан Қазақстанға келетін жүктің мәселесінің келешекте маңызы зор. Сол үшін «Атамекен» ҚР ҰКП ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті мен РФ Көлік министрлігіне болымсыз жағдаяттар тудырған мәселеге қатысты сұрау салып отыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП РФ-ның «санкционды» саясаты қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы сауда қызметіне көп қиянатын тигізгенін үнемі айтып жүр. 1,5 жыл бойы тасымалдаушылар үшінші елдерден Қазақстанға әкелетін жүгі үшін Ресейдің мемлекеттік органдарының жаңа бастамаларынан зардап шегіп келеді.

РФ бақылау органдары тасымалдаушыларға ұсынатын талаптары бейберекет. Кей кездері ЕАЭО ішіндегі шекараларындағы кеденде де жүкті 100% ашып қарап шығады.  РФ кедендік органдарының көрсетіп беретін маршрутымен ғана жүру, Қазақстанға тек қадағалаумен өту, әдетте бір немесе екі пункт; екінші рет рет жүкті оның пломбамен келе жатқанына қарамай ветеринарлық бақылау жүргізу теміржол бекеттерінде, автокөлік пункттерінде бастан-аяқ ашып тексеру; Украиндан келетін жүкті жаңа маршрутпен алып өту.

Бұнда айтылғандардың бәрі Қазақстанға тасымалданатын жүкке деген талаптың шет-шегі жоқ екендігін көрсетіп отыр. Ал, тасымалдаушының ереже бұзғаны туралы Ресейдің кедендік қызметінің ақпараты бойынша, «Атамекеннің» сұрау салуымен алынған ақпар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан 28 қазаны аралығында 98587 тауар партиясы транзитпен өткен, оның 177 әкімшілік құқықты бұзған, бірақ бұзу себебі жазылмаған. 

Соған қарамастан БАҚ-та ҚР-да тіркелетін жалған тарнзитті жүк туралы сан алуан ақпарат басылып отырады. Олар баратын жеріне жетпей, РФ жерінде қалып отырады. Жалған транзитті жүк туралы ресми мойындау, немесе тасымалданған жүк саны, құқық бұзу бойынша талдау жасалмаған. ЕАЭО Кедендік бақылаудан өткізген кезде қазақстандық жүкті РФ аумағында қалай алып жүру туралы бекіткен ұстанымдары да жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүк тасымалдау мәселесіне қатысты туындаған әрбір жағдайға байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз: тел. +7 7172 91 93 73.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер