astana-view

Ресей порттарын тең пайдалану мәселесі толық шешілмеген

2017 жылғы 19 Қаңтар
9418 просмотров

«Атамекен» Ресей Федерациясының уәкілетті органдарын қай елдің қарамағында екендігіне қарамастан, теңіз, өзен порттары мен көлік терминалдарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырды

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішінде Ресей Федерациясында ғана әлемдік мұхитқа шыға алатын теңіз порттары бар екені белгілі. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты әзірлеу барысында Одаққа мүше мемлекеттердің қай елдің қарамағында екендігіне қарамастан, теңіз, өзен порттары мен көлік терминалдарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ережелерді бекіту міндеті қаралған еді. Алайда порттарға қолжетімділік мәселесі әлі күнге дейін ашық әрі аса өзекті болып қалып отыр.

«Теңіз көлігі тасымалдаудың анағұрлым арзан құралы екенін ескерсек, ол экономиканың кейбір салаларындағы экспортты дамытудың негізгі факторы болып саналады. РФ порттарына қолжетімділік мәселесі республикамыздың маңызды ресурстық салаларының бірі – Қазақстанның көмір өнеркәсібі үшін өзекті болып тұр», – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

Бұл, ең алдымен, қазақстандық көмірді өткізудің дәстүрлі нарығында – РФ-да тұтыну көлемінің қысқаруына, соның салдары ретінде, терең қайта өңдеу есебінен экспортты географиялық және тауарлық әртараптандыруға байланысты болып отыр.

2015 жылғы ахуал бойынша, Қазақстандағы көмір қорының көлемі 33,6 млрд тонна болған, бұл елімізді аталған пайдалы қазба қоры бойынша сегізінші орынға шығарды.

2015 жылы Қазақстандағы көмір өндірудің жалпы көлемі 102,2 млн тонна болды (көмір концентратын есептемегенде), тас көмірді экспорттауды жалпы көлемі – 27,99 млн тонна (СЭҚ ТН коды – 2701), соның 23,89 млн тоннасы ТМД елдеріне экспортталды. Сонымен қатар 21,5 млн тоннадан астамы РФ-ға, 4,1 млн тоннасы алыс шетелдерге экспортталған.

2011 жылмен (24,6 млн тонна) салыстырғанда, РФ-ға көмірді экспорттау 3,06 млн тоннаға қысқарған. Оған себеп – ресейлік электр станцияларының қазақстандық көмірден ресейлік көмірді пайдалануға көшкен, сондай-ақ Ресейдің жекелеген электр станциялары көмір орнына газ отынын пайдалана бастаған.

«Осыған байланысты 2011-2015 жылдар аралығында қазақстандық көмір өндірушілер алыс шетелдерге экспортты 2011 жылғы 1,6 млн тоннадан 2015 жылы 4,1 млн тоннаға дейін арттырды. Бұл жаман көрсеткіш емес. Қазақстандағы сыртқы нарықтарға экспорттауға жарамды жоғары сапалы көмір өндірудің  қазіргі әлеуетін ескерсек, оның  жыл сайынғы көрсеткіші 7-8 млн тоннаға тең, алайда қазақстандық көмірді Ресей Федерациясына экспорттау жылдан-жылға азайып барады. Қазақстандық көмірді экспорттаушылар үшін РФ теңіз порттарының инфрақұрылым қызметтеріне қолжетімдігілі аса маңызды», – деп атап өтті Дана Жүнісова.

ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың арқасында, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бері ЕАЭО елдері аумағында Одаққа мүше мемлекеттердің теңіз порттары бағытында экспорттық өнімдерді тасымалдау кезінде мемлекетішілік темір жол тарифтері қолданылады. Алайда порттарға қолжетімділік мәселесі әлі күнге ашық күйінде қалуда.

Отандық кәсіпкерлер үшін РФ теңіз порттарының теңдей қолжетімді болмауының бір себебі – Ресей Федерациясында күні бүгінге дейін теңіз, өзен порттары мен көлік терминалдарына алалаудан ада қолжетімділік ережелері бекітілмеген және бұл процесс бірнеше жыл бойы созылып келеді.

«Бұл ережелердің бірінші жобасы 2013 жылы әзірленгенімен, бүгінде әлі қабылданбады. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пікірінше, РФ уәкілетті органдары тарапынан мұндай қасақана әрекетсіздіктің мақсаты – ресейлік экспорттаушыларына лоббистік жасау және ресейлік кәсіпкерлерге басымдық беру. «Атамекен» ҚР ҰКП бірнеше мәрте, түрлі деңгейлерде, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында да РФ-да бекітілген Ережелердің болмауына қатысты мәселе көтерген еді. Бұл Шарт талаптарын тікелей бұзу болып саналады және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экспорттаушылары үшін РФ-ның теңіз порттары мен көлік терминалдарының қызметіне тең қолжетімділікке кедергі келтіреді.

2016 жылдың 9 тамызында, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Ресей Федерациясы Үкіметінің Табиғи монополиялар субъектілерінің теңіз, өзен порттары мен көлік терминалдарына алалаудан ада қолжетімділігі ережелерін бекіту туралы қаулыны қабылдауын жеделдету мақсатында РФ Үкіметіне өтініш білдірді», – дейді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазіргі таңда РФ Федералды монополияға қарсы қызметі Қаулы жобасын әзірлеуде. Заңға сәйкес, Ресей Федерациясында нормативтік-құқықтық актілер көпшілік алдында талқылану қажет. Одан кейінгі кезең РФ Экономикалық даму министрлігінен Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды алу, содан кейін ғана Қаулы жобасы қарау үшін РФ Үкіметіне беріледі.

«Палата, өз тарапынан, өткен жылдың қараша айында Қаулы жобасын қабылдауға қатысты ағымдағы жағдайды түсіндіру туралы РФ Федералды монополияға қарсы қызметі бастаған РФ-ның әзірлеуші органына өтініш білдірді. Федералды монополияға қарсы қызмет жолдаған ресми хатқа сәйкес, құжат РФ Үкіметінің қарауына енгізіліпті.

Жұмыс тәртібінде алынған ақпаратқа қарағанда, Қаулы жобасы әлі күнге дейін Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды беретін уәкілетті мемлекеттік органға жетпеген. Бұдан бөлек, РФ нормативтік-құқықтық актілер жобаларының Реттеушілік әсерді бағалауды өткізу алгоритміне сәйкес, көпшілік алдында талқылау аяқталған сәттен бастап құжатты Үкіметке жіберуге дейін Реттеушілік әсерді бағалау туралы қорытынды алу үшін 10 жұмыс күні қарастырылған. Сол мезетте ол қорытынды уәкілетті мемлекеттік органның ресми сайтына орналастырылуы қажет.

Феделарды монополияға қарсы қызметтің жиынтық есебіне сәйкес, көпшілік алдында талқылау 2016 жылдың 28 қарашасы күні аяқталды. Өз кезегінде, Қаулы жобасы РФ Үкіметінде екендігі туралы ақпарат 2016 жылдың 5 желтоқсаны күні жіберілді. Қарапайым логикаға сүйенсек және ақпаратқа деген толыққанды қолжетімділіктің жоқтығын назарға алсақ, Федералды монополияға қарсы қызмет толықтай дұрыс мәлімет беріп отырған жоқ деп есептеймін», – деп атап өтті Дана Жүнісова.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП Ресей Федерациясының уәкілетті органдарын Ережелерді бекіту жолында жасанды кедергілер келтіруді қысқарта отырып, теңіз, өзен порттары мен көлік терминалдарына тең қолжетімдікті қамтамасыз етуге қатысты өздеріне алған міндеттемелерді және сол арқылы ЕАЭО туралы Шарттың негіздерін орындауға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер