astana-view

«Атамекен» ЕАЭО нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу рәсімдерінің ашық болуын қолдайды

2016 жылғы 04 Мамыр
9280 просмотров

Еуразиялық экономикалық кеңес комиссиясы ЕАЭО-ны техникалық реттеу саласында шешім қабылдау рәсімдерін реттейтін құжаттарды бекітті

ЕАЭО шеңберіндегі техникалық реттеу ЕАЭО туралы Шарттың 51-бабында бекітілген принциптерге сай жүзеге асады. Солардың бірі Одақтың техникалық регламенттеріне бірыңғай міндетті талап бекіту немесе Одақ шеңберінде міндетті талаптар бекітілетін бірыңғай өнімдердің тізіміндегі өнімдерге ғана мүше мемлекеттердің заңнамаларында ұлттық міндетті талаптар бекіту.

ЕАЭО мүше мемлекеттер өз заңнамаларында бірыңғай тізімге енбеген өнімдерге қатысты міндетті талаптар бекітуге жол бермейді.

ЕАЭО шеңберінде міндетті талаптар бекітілетін бірыңғай өнімдер тізімі бүгінде 66 позициядан тұрады.

Еуразиялық экономикалық кеңес комиссиясы 2016 жылдың 17 мамырындағы №23 шешімімен «Еуразиялық экономикалық кеңес шеңберінде міндетті талаптар бекітілетін өнімдердің бірыңғай тізімін құру және жүргізу тәртібін» бекітті (2016 жылдың 29 сәуірінде жарияланды, жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).

Көрсетілген Тәртіп сол бойынша өнімді бірыңғай тізімге қосатын немесе одан шығаратын негіз қалыптастырады.

Сондай-ақ Тәртіпте өнімді бірыңғай тізімге қосу туралы, өнімді бірыңғай тізімнен шығару туралы, бірыңғай тізімге енгізілген өнімдердің атауын (түрін, тобын) өзгерту туралы ұсыныстарды дайындау, ұсыну және қарау форматы анықталған.

Одан бөлек, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Кеңес беруші комитет құрылды.

Комитет ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өкілдеріне, бизнес-қауымдастықтардың өкілдеріне кеңес жүргізуді қамтамасыз ететін және техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар саласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Комиссия шешімдерінің жобасы бойынша ұсыныстар жасаумен айналысатын кеңес беруші орган ретінде саналады.

Қазақстандық тараптың бастамасымен барлық мүдделі тараптардың пікірлерін жан-жақты қарастыру және есепке алу мақсатында сұрақтар тізімі дайындалды. Ол бойынша Алқа немесе Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешім қабылдамастан бұрын, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Кеңес беруші комитет шеңберінде  кеңес беруге міндетті.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2016 жылғы 17 наурыздағы №7 бұйрыққа сәйкес «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Кеңес беруші комитет шеңберінде Алқа немесе Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешім қабылдамастан бұрын кеңес беруге міндетті мәселелер тізімін» бекітті (2016 жылдың 29 сәуірінде жарияланды, жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).

Комиссияның көрсетілген актілерді қабылдауы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органдар өкілдері мен бизнес-қауымдастықтары атқарған зор еңбектің нәтижесі және ол ЕАЭО-ның нормативті-құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған.

ЕАЭО-ның техникалық реттеу саласындағы шешімдер қабылдау рәсімдерінің айқын регламенттелуі кәсіпкерлік әрекеттерді жүргізу жағдайына оң ықпалын тигізетініне және  бизнес-қауымдастықтың пікірін есепке алудың пәрменді механизмдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Жоғарыда аталған құжаттармен Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтынан танысуға болады:

–  Еуразиялық экономикалық кеңес шеңберінде міндетті талаптар бекітілетін өнімдердің бірыңғай тізімін құру және жүргізу тәртібі (https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01410164/cncd_29042016_23)

– Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Кеңес беруші комитет шеңберінде Алқа немесе Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешім қабылдамастан бұрын кеңес беруге міндетті мәселелер тізімі (https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01410155/cnco_29042016_7)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер