astana-view

Елбасы Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий жариялады

2016 жылғы 05 Мамыр
8947 просмотров

Нұрсұлтан Назарбаев жер заңнамасының жекелеген нормаларына мораторий жариялады

«Түсінбеген тұрғындарға ешқандай жер, оның үстіне ауылшаруашылық жерлері сатылмайтынын дұрыс жеткізу керек еді. Сондықтан бұл жерде өз бас пайдасын ойлаушылық орын алған. Яғни, кейбір топтарға бұның мәнін ашып беруіміз қажет», – деді Ақордадағы жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев.

Алайда, Елбасының айтуынша, қабылданған заңның механизмдері мен нормалары қоғамда кеңінен талқыланбаған, сондықтан адамдардың қорқынышы мен уайымы бекер емес.

«Егер біздің халық, қазақстандықтар, қабылданған шешімдерді түсінбесе, сенбесе, бұл дұрыс емес. Біз мұның барлығын халық үшін жасап отырмыз. Яғни, қоғамда осы мәселеге қатысты бірқатар заңнамалық нормаларды енгізуге байланысты күдік пайда болған. Сондықтан мен бүгін шешім қабылдадым: қоғамда резонанс тудырған бірқатар нормаларға, оның ішінде былтыр қабылданған төрт норманы қолданысқа енгізуге келесі жылға дейін мораторий жариялаймын. Алдымен мұқият зерттеп, талдап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірлесе шешу қажет. Егер бірыңғай шешімге келсеңіздер, мораторийді алып тастаймыз, болмаса, осылай қалдырамыз», – деп түйіндеді Елбасы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер