astana-view

Инвестиция өңірлерді өркендетеді

2016 жылғы 17 Мамыр
- Маңғыстау облысы
9293 просмотров

«Атамекен» басшысы шетел инвесторларын тарту мәселесіне айрықша назар аудару қажет деп санайды

Бұл туралы Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңейтілген отырысында «Атамекен» ҚР Палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.

«Атамекен» басшысы Өңірлік кеңес мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде ӨКП-ның бизнесті қаржылық емес қолдау бойынша атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Мысалы, 2015 жылдың маусымынан бері 6 000-нан астам өтініш түсіп, 1 000-нан аса кәсіпкер оқу курстарын аяқтаған. Нәтижесінде, жалпы сомасы 317 миллион теңгеге тең болатын 110 жоба қаржыландырылған.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына түсетін өтініштер күннен күнге артып келеді. Осыған  байланысты облыс әкімдігі Өңірлік палатаның толыққанды КҚКО құру туралы бастамасына қолдау білдірген еді. Ол орталық «Маңғыстау»  кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» бірлескен ЖШС болды. КҚКО үш бағыт бойынша жұмыс жасай бастады: инвесторлармен жұмыс, талдау және оқыту, жобаларды қолдау және консалтинг», – деді Тимур Құлыбаев.

Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаевтың хабарлауынша, ӨКП бастамасы бойынша әкімдік инвесторларға қызмет көрсету орталығының функцияларын жаңа құрылған «Маңғыстау» КҚКО-ға тапсырған. Бұл жергілікті атқарушы органның Өңірлік кәсіпкерлер палатасына деген сенімділігін айқындап отыр.

ӨКП директоры Олжас Қаржауовтың айтуынша, «Маңғыстау» КҚКО базасында инвесторлармен жұмыс жасаудың айқын тетігі жасалған. Тимур Құлыбаев ӨКП дирекциясына инвесторларды тарту мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды.

Сонымен бірге, Қаржауовтың айтуынша, КҚКО базасында ауыл кәсіпкерлерін түйе шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы мен су мәдениеті негіздеріне оқыту жөніндегі жоба қолға алынған.

«Бұдан басқа, міндетіне  рұқсат құжаттарын алу, екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржылық институттардан қарыз алу, бизнес-жоспарлар жасау, «Атамекен» ШҚҰ-дан қаржы алу үшін құжаттар пакетін даярлауда көмек қолын созу, мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңестер алу секілді функциялар кіретін консалтинг және жобаларды қолдау бөлімі құрылды. Мұның барлығы уақыт үнемдеуге және ең маңыздысы, кәсіпкер мен шенеуніктің байланысын болдырмауға мүмкіндік береді», – деді ӨКП басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер