astana-view

Мемлекеттік қызмет түрлері бәсекелестік ортаға беріледі

2016 жылғы 18 Мамыр
8115 просмотров

«Атамекен» ҰКП алда келе жатқан мемлекеттік функцияларды бағалауға айрықша ден қойып отыр

Бизнес-ортаға мемлекеттік функцияларды беру бір сәтте бітетін шаруа емес. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының брифингінде «Атамекен» ҰКП Нормативті-құқықтық актілер сараптамасын үйлестіру департаментінің сарапшысы Айжан Бижанова мәлім етті. Сарапшы алдағы мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру үдерісіне өз пікірін білдірді. «Бұл тұста функцияларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажеттілігін айта кету керек. Бүгін біз мемлекеттік функцияларды беру төрт кезең бойынша өтетініне қанық болдық», – деді А.Бижанова.

«Ең алғашқы және күрделі деуге болатын кезең – бұл мемлекеттік функцияларды инвентаризациялау жөніндегі жұмыс болмақ. Дәл осы жұмыстың сапасы арқылы бұдан кейінгі жұмысқа баға беріп, нарықтың дайындығын талдауға болады», – деп нақтылады ҰКП өкілі.

Алда келе жатқан инвентаризациялау «функцияларды берудің қандай да бір тәсілін айқын анықтау және жазу» үшін маңызды болып отыр.

«Біздің сараптама пайда мен шығындарға талдау жасауға, сонымен бірге оның бағасын бәсекелі ортада ұсынылатын бағамен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл кезең бойынша бізді өте маңызды жұмыс күтіп тұр, ол көп жағдайда, тағы қайталап айтамын инвентаризация сапасына байланысты болады», – деп түйіндеді Айжан Бижанова.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер