astana-view

Трактор тіркелді

2016 жылғы 18 Мамыр
- Жетісу облысы
11806 просмотров

Ауыл шаруашылық бөлімі кәсіпкерлердің техникаларын тіркеуден бас тартты

Кәсіпкерлер палатасының негізгі қызметі кәсіпкерлердің құқы мен мүддесін қорғау болып табылады. Күн сайын Кәсіпкерлер палатасына ондаған шағым келіп түседі. Көп жағдайда, мемлекеттік органдардың әрекетіне шағым жасалады. Кәсіпкер Евгений Перепелица өткен айда ӨКП көмегіне жүгінген болатын. «Вита Злак» шаруа қожалығының басшысы Ескелді ауданы ауылшаруашылық бөлімінің тексеріс жүргізу барысындағы әрекетіне шағым айтқан. Аталған орган заң бойынша ауыл шаруашылығына арналған әрбір жаңа техниканы тіркеуден өткізуі тиіс болса да, оның шаруашылығына тиесілі тракторды тіркеуден бас тартқан. 

ӨКП заң бөлімінің заңгері Диас Оташбаев хатты прокуратура мен Алматы облыстық мемлекеттік қызметтер департаментіне жолдады. Шағыммен танысып шыққан прокуратура ауыл шаруашылық бөлімінің әрекетін  әділетсіз деп таныды. Осылайша, кәсіпкердің мәселесі оң шешімін тапты. Евгений Перепелица Палатаның атқарған жұмысына дән ризашылығын білдіріп, ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаеваға алғыс хат жолдады.

«Аталған мәселе бойыша дер кезінде көмек көрсеткен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының заң бөліміне зор алғысым мен терең ризашылығымды білдіргім келеді. Достық қарым-қатынасымыздың сақталатынына және ынтымақтастығымыздың арта түсетінене сенімім мол», – дейді кәсіпкер.

Естеріңізге салсақ, өткен айда Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша 53 кәсіпкердің шағымын қабылдады, оның 30-ы оң шешімін тапты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер