astana-view

Қазақстанда бірінші бизнес-арна хабар тарата бастады

2016 жылғы 23 Мамыр
28403 просмотров

Бүгін Қазақстанда бизнес жаңалықтарын тарататын бірінші қазақстандық мультимедиялық арна – Atameken business channel өз жұмысын бастады

Бұл жаңа бизнес-телеарнаның Қазақстанда теңдесі жоқ. Atameken business channel арнасының бас директоры Юлия Валиахметованың айтуынша, ABCTV – бұл Қазақстанның эксклюзивті экономикалық және қаржы жаңалықтарын жеткізуші.

«Жаңа медиа-ресурстың басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықты тың ақпаратпен қамтамасыз ету, бизнесмендерге және іскер адамдарға маңызды шешімдер қабылдау үшін қажетті шынайы әрі өзекті іскерлік ақпарат ұсыну. Хабар тарату мемлекеттік және орыс тілдерінде жүретін болады», – деп атап айтты Юлия Валиахметова.

Atameken business channel арнасының аудиториясы – шағын, орта және ірі бизнестің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда, өз уақытын бағалайтын және объективті ақпаратты жедел алуды қалайтын прагматик адамдар, жаңа технологияларға және девайстарға қызығатындар.

www.abctv.kz теледидары – LiveStream режимінде жұмыс істейтін ғаламтордағы бірінші ТД-арна. Ол Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және дүние жүзіндегі жаңалықтарды қамтиды. Сараптамалық бағдарламалар, даму болжамдары мен нарықтағы өзгеріс, мамандардың пікірлері мен сарапшылардың бағамы және басқалар айтылады.

Телеарна Қазақстанның екі қаласынан: Астанадан және Алматыдан бірдей хабар  тарататын болады. «IBS» және  Almaty Tower бизнес-орталықтарында жаңа тұрпатты екі жоғарытехнологиялық телестудия қызмет атқарады. Студиялар виртуалды алаңдар режимінде ORAD бағдарламасындағы қосымша нақтылықты қолдану мүмкіндігімен жұмыс істейді.

Міне, ертең Астанада болатын ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесі отырысының жұмысы ABCTV арнасында тестілік режимде жан-жақты көрсетілетеді. 

Одан бөлек, 25 және 26 мамырда VIII Астана экономикалық форумының алаңында  құрылған мобильді телестудияда форумның VIP-спикерлерінің қатысуымен сұхбат жүргізіледі, сондай-ақ, барлық жаңалықтар мен оқиғалар бизнес-арнаның тікелей эфирі арқылы беріледі.

Телеарнамен қатарласа қаржы, экономикалық, саяси жаңалықтар тарататын жаңа www.abctv.kz порталы іске қосылды. Онда сараптамалар, рейтингтер, тұжырымдар, болжамдар, валюта бағамдары, құнды  қағаздар, қымбат металдар нарығы, шикізат және шикізат емес ресурстар, банк, биржа және компаниялардың жаңалықтары айтылады.  

Atameken business channel арнасының басты ақпараттық серіктестері – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, THOMSON REUTERS – сараптамалық ақпараттың, ақпараттық шешімдердің және бизнеске арналған мәліметтер базасының көшбасшы жеткізушісі, KASE – Қазақстан қор биржасы.

Бағдарламалардың жүргізушілері тек кәсіпқой журналистер ғана емес, сонымен бірге экономика және қаражат, өнеркәсіп, өндіріс пен нарық саласындағы сарапшылар және де кәсіпкерлер екендігін айта кеткен жөн.

Жаңа телеарнадан мынадай бағдарламаларды көруге болады: «Наталья Шпармен басты жаңалықтар» –  басты нәрселер туралы қысқа да нұсқа, дәл ақпарат. «Юлия Синчукпен нарық туралы» – нарық проблемалары, заманауи трендтер. «Ордабаев. Өзекті» –  кәсіпқой сарапшылардың өзекті мәселелері. «Больгерт. Салалар» – талдау мен болжам. «Гүлнар Әмреновамен галстуксіз бизнес» – еліміздің жетекші бизнесмендерімен сұхбаттар. «Ғалия Маратпен бизнес-класс» – пәтерлер, автокөліктер, салондар, мейрамханалар туралы және бизнес-класс деңгейіндегі көптеген мәселелер. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер