astana-view

Жол ашық!

2016 жылғы 25 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
8615 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы тағы бір заңсыз қойылған жол белгісін алып тастауға сеп болды

Тайынша ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі шұғыл тобы мен Кәсіпкерлер палатасының филиалына Зеленый Гай ауылының жеке кәсіпкерлері өтінішпен келіпті. Олар қызмет көліктерінен басқа көліктерге кіруге рұқсат бермейтін жол белгісін алып тастауды сұраған.

«Шынымен де, ол белгі бірнеше жеке кәсіпкерге тиесілі сауда нүктелерінің маңындағы аумаққа кіретін жерге қойылған. Тізімде «қызмет көліктерінен басқа» деген белгі көрсетілмегендіктен, заңсыз орнатылған. Мұндай шешімді қадағалаушы органның жұмысшылары жасады», – деді СҚО КП аудандық филиалының директоры Аслан Нұрсейітов.

Оған қоса, шұғыл топ мүшелерінің пікірінше, бұл белгі тұрақ алаңына қарай қозғалатын жүргізушілердің жолын жабады. Ол Зеленый Гай ауылының жеке кәсіпкерлерінің жұмысына кедергі келтіреді.

Айта кетерлігі, бұл аудандағы екінші жағдай. Өткен жылдың ақпан айында прокуратураның ұсынысымен Тайынша қаласында да осындай жол белгісі алынып тасталған еді. Сол тексерістің нәтижесінде қадағалаушы орган аудан әкімдігінен барлық жол белгілерін түгендеуді және олардың ішіндегі заңсыз орнатылғандарын алып тастап, азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзған тұлғаларды тәртіптік жауапқа тартуды талап еткен еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер