astana-view

Есеп-қисап дәрісіне шақырады

2016 жылғы 27 Мамыр
11707 просмотров

Қазақстан актуарийлер қоғамы ҰКП қызметкерлерін «Актуарлық қағидалар мен олардың қосымшалары» атты актуарлық есептеулер жөніндегі базалық екінші курсқа шақырады

Екінші курс бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды Қазақстан актуарийлер қоғамының толық мүшесі, лицензияланған актуарий, физика-математика ғылымдарының докторы (Ресей ЖАК бойынша) Мирболат Сихов және Қоғамның толық мүшесі, лицензияланған актуарий Ақжарқын Кныкова жүргізеді.

Курс 13 адамдық топты жасақтаған кезде басталады. Курстың өтетін орны туралы қосымша хабарланады.

Күндізгі курс Алматы қаласында 2016 ж. 6 маусымынан 25 маусымға дейін өтеді, дүйсенбіден сенбіге дейінгі аралықта. Курсқа қатысушыларды тіркеу 2016 ж. 6 маусымында сағат 9.00-де басталады.

Біліктілік емтихандары 2016 жылдың 2 шілдесінде болады.

Оқу ақысы – бір қатысушыға 120 000 теңге, студенттер мен оқытушыларға – 80 000 теңге (растайтын құжаттар болған жағдайда).

Емтиханның ақысы – Актуарийлер қоғамының мүшелері, студенттер мен оқытушылар үшін 10 000 теңге, басқалары үшін – 15 000 теңге.

Аталмыш семинардың күрделілігіне және курс кезеңінде тыңдаушылардың сабақтарға толық қатысуы қажеттілігіне байланысты курсты  ұйымдастырушылар болашақ тыңдаушылардың жұмыс берушілермен барлық ресми мәселелерді реттеп алуларын сұрайды.

Курсқа және емтиханға қатысу үшін тіркеу сауалнамасын – өтінішті толтыру қажет, сауалнамада міндетті түрде оқу формасын көрсету керек. Курсқа қатысуға өтініштер 2016 ж. 1 маусымына дейін қабылданады. Біліктілік емтиханына оның басталуынан 10 күн бұрын тіркелу қажет. Актураийлер қоғамының реквизиттері мен төлемақы туралы ақпаратты көрсетілген сауалнама-өтінішті бергеннен кейін алуға болады.

Қосымша ақпарат және тіркелу үшін Қазақстан актуарийлер қоғамының оқу бағдарламаларын үйлестірушілерге хабарласқан жөн:
Әбдікерімова Жанар - тел. /факс 8(727) 386 82 27; 87073888683
Сихова  Сара - 87012998416, 87071015250 немесе электронды почта: s_sara_b@mail.ru, manager_ed@aсtuary.kz

Сондай-ақ, қосымша ақпаратты Қоғамның сайтынан алуға болады: www.actuary.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер