astana-view

Болат Палымбетов: «Бас жоспар – құпия нысан емес, сондықтан барлық істе ашықтық қажет»

2016 жылғы 30 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
8170 просмотров

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерімен кездесу барысында Қазақстанның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов мәлімдеді

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерден түскен өтініштерге жүргізген талдауы көрсеткендей, ШҚО-ның анағұрлым жүйелі проблемалары салықтық әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алулар, сәулет және қала құрылысы, рұқсат алу процедуралары және т.б. салаларында екен.

Өзге де республика өңірлеріндегі секілді, Шығыс Қазақстан облысының да осал тұсы жер қатынастары болып тұр. Бұл мәселеде жергілікті атқарушы органдар тарапынан орын алған заңбұзушылықтар өте көп, жер қатынастарына қатысты мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері бұзылуда. Әсіресе, бизнес-омбудсмен шенеуніктердің жер телімдерін беру кезінде кәсіпкерлерге қойған анағұрлым жоғары және көбінесе орынсыз талаптарына наразылығын білдірді. Мысалы, елді мекендердің бекітілген толық жоспары жоқ, бұл кәсіпкерлер үшін үлкен әкімшілік кедергі болып отыр, себебі Жер кодексінің 44-бабына сәйкес, жер телімдерін нысандардың толық жоспары және (немесе) құрылыс жобаларынсыз беруге рұқсат жоқ. Дегенмен, толық жоспарлау жобасы болған күннің өзінде жергілікті атқарушы орган жер пайдалану құқығын ұсыну немесе мерзімін ұзартуға рұқсат бермеуі ықтимал, себебі аталған жер телімінің нысаналы мақсаты толық жоспарлау жобасында қарастырылған нысаналы мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдардың жер пайдалану құқығын беру жүйесі ашық болмағандықтан, жер телімдерін пайдалану құқығын алу, ұзарту үшін түскен өтініштерді қарау мерзімдері созылып кетеді.  

«Бас жоспар – бұл құпия нысан емес, барлық істе жариялылық пен ашықтық болуы қажет», – деді бұл туралы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл.

Жергілікті бизнес-қоғамдастықтың да кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қатысу мәселесі жөнінде қояр сауалдары көп болды.

Облыс іскер ортасы өкілдерінің проблемаларын тыңдаған бизнес-омбудсмен оларды бизнес үшін маңызды заңдарды талқылауға белсендірек қатысуға шақырды. Болат Палымбетовтың пікірінше, проблемалық мәселелердің 90%-ын сол жерде-ақ шешуге болады. Ол, сонымен бірге, кәсіпкерлер палатасына депутаттармен де етене араласа жұмыс жасауды ұсынды.

«Түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жартысынан көбі өздеріңіздің әріптестеріңіз. Олар бизнестің барлық жүйелі проблемаларын біледі, мұны пайдаланып, проблемаларды сол жерде-ақ шешу қажет», – деді бизнес-омбудсмен.

Болат Палымбетовтың айтуынша, өңірлерге жұмыс сапарымен шығу қорытындылары бойынша, кәсіпкерлерден түсетін барлық мәселелер жүйеленіп, талданады және бизнес-омбудсменнің басты мақсаты – бұл мәселелерді өңір басшылығы мен облыс прокурорына жеткізу.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілмен кездесу барысында «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингінің, жемқорлық деңгейінің және көлеңкелі экономика нәтижелері айтылды. «Атамекен» ҚР ҰКП қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміровтің берген ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік реттеу бойынша 3-орында болса, мемлекеттік қолдау бойынша 12-орында, жылжымайтын мүлік пен инфрақұрылымы жөнінен – 14-орында, адам ресурстарынан – 8-орынға жайғасса, қаржы ресурстары жөнінен 11-орында тұр.

Сонымен бірге, «Іскерлік климат» рейтингі аясында кәсіпкерлер көзімен жемқорлық деңгейіне баға берілген.

«Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы жақсы, жемқорлық деңгейі жөнінен 12-орында тұр, – деді Ербол Өстеміров. – Бұл тұста  респонденттердің 69%-ы Шығыс Қазақстан облысындағы жемқорлық деңгейі бұрынғы қалпында қалған деп есептесе, 28%-ы жемқорлық артқан деп санайды, тек қалған 3%-ы ғана жемқорлық азайған деген ойда».

ШҚО бизнес-қоғамдастығының проблемалары көп болып шықты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, тек бизнесті қорғау бағыты бойынша 2015 жылдың басынан бері мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың жартысы шешімі тапқан. Бизнестің қорғалған қаражатының сомасы төрт миллиард теңгеге жуық.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер