astana-view

Несие мақұлданды! Шағын несие бағдарламасы аясында Несие комитеті 7 өтінімді мақұлдады

2016 жылғы 14 Маусым
- Жетісу облысы
10232 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында микронесиелеудің жаңа бағдарламасына қатысуға өтінім берген кәсіпкерлердің жобалары қаралды. Олар Ақсу, Балқаш, Кербұлақ аудандарының кәсіпкерлерінен түскен 7 өтінімдер. Несие комитетінің шешімі бойынша барлық өтінімдер бірауыздан мақұлданды. Еске салалық, шағын бизнес субъектілері үшін 600 млн теңгені «Атамекен» ҰКП және Алматы облысы әкімдігі бөлді. 

«Қант қызылшасын өсіру жайлы төрт жоба, мал шаруашылығы бойынша екі  және жалпы сомасы 34 млн 300 мың теңге арпа өсіру жөніндегі бір өтінім мақұлданды. Қарыз алушылар – шаруа қожалығы өкілдері және жеке кәсіпкерлер екендігін баса айту керек»,– дейді Алматы облысы Кәсіпкерлері палатасы директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына шешімдер хаттамалары берілді. Оларды қараған соң қаржы ұйымы қарыз алушылармен қарыз алу және ақша  құралдарын одан әрі аударуға арналған кепіл шартын жасайды. Сонымен қатар микронесиелеу бағдарламасы бойынша қор 62 өтінім жөнінде қаржы-экономикалық талдау, заңгерлік сараптама жүргізеді. Жағымды шешім шыққан жағдайда жобаларды Несие комитетінің  мүшелері қарайды.  

Атап өтелік, комитеттің алғашқы мәжілісінде жалпы сомасы 75 млн. теңгеден астам 20 өтінім қаралды және мақұлданды. Бұл жобалардың барлығы өңірдің қызылша саласын дамытуға бағытталған. Микроиесиелеу бағдарламасының басты ерекшелігі – жер учаскелерін, тұрғын үй құрылыстарын және басқадай мүлікті кепіл ретінде қарау. Сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі жылдық  6%-ды  құрайды,  сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 6,7% аспайды. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер