astana-view

Әсет Исекешев Астананың жетінші әкімі болды

2016 жылғы 21 Маусым
9578 просмотров

Бүгін Елбасы бірнеше кадрлық ауыс-түйіс жасады

Ақордадан бастасақ, мұнда Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы ауысты. Оған Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Ол Нұрлан Нығматулиннің орнын басты. Ал ол, өз кезегінде, ҚР Орталық сайлау комитетінің баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеуден өткен. Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Төрағасы ретінде таныстырылды. Парламенттің төменгі палатасы спикері лауазымындағы Бақытқожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды.

Астана қаласы әкімдігінің басшылығы Инвестициялар және даму экс-министрі Әсет Исекешевке жүктелді. Айта кетерлігі, ол өзінің қызмет жолында бірінші рет еліміздің бас қаласы билігінің тізгінін ұстады. Елбасының бұйрығымен Инвестициялар және даму министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Ол бүгінгі күнге дейін аталған мекемеде бірінші вице-министр қызметінде болған еді.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер