astana-view

Postmarket.kz кәсіпкерлерге несімен пайдалы?

2016 жылғы 22 Маусым
9654 просмотров

«Қазпошта» АҚ www.postmarket.kz интернет-дүкенін ашты

Postmarket.kz – бұл «Қазпошта» АҚ-ның Қазақстан бойынша сатушылар мен сатып алушыларды байланыстыратын электронды сауда алаңы.

«Қазпошта» АҚ пошталық және қаржылық қызметтерді көрсететін, сонымен бірге Қазақстан бойынша ең ауқымды филиалдар желісіне ие ұйым бола отырып, тауарларын Интернетте сатқысы келген сатушыларға қажетті барлық қызметтер тізімін ұсынады.

Кәсіпкерлер үшін Postmarket.kz – бұл  сатылатын тауарлардың онлайн-сөресі, өнімдерді өткізудің тағы бір орны, сонымен бірге сатып алушылар мен сатушылар арасындағы жедел әрі ыңғайлы өзара әрекеттестік алаңы. Сонымен бірге, мұнда сатып алушылардан тауарларға төлемдерді қабылдау мен аудару (карталармен онлайн және бөлімшелерде қолма-қол төлемдер жасау), сонымен бірге тауарларды сатушыдан сатып алушыға Қазақстан бойынша жеткізу жөніндегі қызметтер ұсынылады. Postmarket.kz-те тапсырыс рәсімдеу кезінде сатып алушы төлем жасаудың екі түрін: Қазпоштаның жақын маңдағы бөлімшесінен қолма-қол немесе төлем картасы арқылы онлайн түрін таңдай алады. Әр аударылған төлем үшін сатушыдан комиссия ұсталып отырады (сайтқа тауарларды орналастыру - тегін).

Төлем жасау кезінде сатып алушы Postmarket.kz-тегі тауар салмағына қарай жеткізу қызметі үшін де ақша төлейді. Бүгінгі күні жеткізу қызметі Қазпошта бөлімшелері мен постаматтарына дейін жүзеге асырылады. Жеткізу тарифтері «Қазпошта» АҚ әрекеттегі тарифтік кестесіне сай есептелінеді. Салмағы 14 кг жететін, өлшемі 80х80х50см болатын тауарларды жеткізуге болады.

Postmarket.kz-ке тауарларды орналастыру тегін болады. Сіз комиссияны әр аударылған төлемнен ғана бересіз. Жеткізу ақысын сатушы төлейді.

Postmarket.kz-ке тауар сатуды бастау үшін алдын ала Postmarket.kz-пен жұмыс жасауға арналған жария шартпен танысып шығу шарт. Шарт мәні, тараптар құқықтары мен міндеттері, өзара есептесу тәртібі, тараптардың жауапкершіліктері мен өзге де жайттар жария шартта көрсетілген. Жария шартпен келіскен және ынтымақтасуға ниет білдірген жағдайда өтінім қалдыру қажет. Postmarket.kz қызметкерлері сізбен 2 күн ішінде хабарласады.

Сіздің кез келген банкте дербес шотыңыз болуы қажет, содан кейін сіз қосылу шартына отыра аласыз. Толығырақ ақпаратты «Қазпошта» АҚ менеджерінен алуға болады.

Сіз шартқа қол қойып, есепшот ашқаннан кейін, сізге жеке кабинетке кіру құқығын береді. Онда Сіз өз тауарларыңызды орналастыра аласыз.

Шартқа отыру және бұдан ары Postmarket.kz-те тауарларды орналастыру үшін сіз Аида Қалиевамен мына телефондар арқылы байланыса аласыз: 611-699 ішкі.1447 немесе aida.kalieva@kazpost.kz электронды поштасына хат жазуыңызға болады.

Кәсіпкерлер үшін жобаның қосымша таныстырылымын ұйымдастыру үшін Гүлмира Исабековаға мына телефондар арқылы байланыса аласыз: 611-699, ішкі 1529 немесе gulmira.issabekova@kazpost.kz электронды поштасына хат жазуыңызға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер