astana-view

Логистика да көмекке мұқтаж

2016 жылғы 23 Маусым
8742 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП мен бірқатар сауда-логистикалық орталықтар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 Астанадағы «Continental Logistics», «Sapa Logistics», «First Trade Centre», «Астық логистик» және «Big Шанхай» көтерме сауда орталығы» ең ірі бес логистикалық  кешен болып табылады.

Ұлттық палата өнімді сақтау мен өткізуде бірлескен әзірлеме дайындау, кәсіпкерлік іс-қызметті жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін мақұлдау мен ендіру жолымен шағын және орта бизнесті қолдау, дамыту саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату қажеттігі жайлы жоғарыда аталған сауда-логистикалық орталықтармен (СЛО) келісімге қол жеткізді. 

ҰКП құжатқа сай, СЛО қажеттіліктері жайлы, сонымен бір уақытта өндірушілердің мүмкіндіктері туралы мәліметтер жинаумен және талдаумен шұғылданады. Тиімді ынтымақтастыққа қолайлы қатысушыларды іріктей келе Палата бұдан былай мәмілелер жасау мақсатымен мүдделі тараптардың кездесуін және сұхбаттарын ұйымдастырады.  

ҰКП  Басқармасы төрағасы орынбасары  Нұржан Әлтаев кездесу барысында келешекте уақыт және еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін, жалпы бизнес-үдерісті қарапайымдандыратын,  төлемақының электронды жүйесімен біріге отырып, www.bisnesreestr.kz электронды алаңын пайдалануды қарастыруда  деп атап айтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер