Бір жолаушы үшін де келе береді
Алматыда әуежайдан қала орталығына және қонақ үйлерге дейін апаратын шағын автобустар жұмыс жасауда
«Aerotransfer» ЖШС компаниясы 2016 жылдың 20 мамырында жедел бағыттарды іске қосқан. Ол әрбір 30 минут сайын қала қонақтарын мейманханаларға, қонақүйлер мен шипажайларға жеткізіп отырады. Барлық тіркелген мейманханалар мен қонақүйлер жолаушыларды апаратын жерлер тізіміне енген.
Шаттл-бас қызметін әуежайдан қонақүйге дейін қолдану үшін, «Aerotransfer» ЖШС өкілдері арқылы тапсырыс қалдыру қажет. Тұрыс орны әуежай ғимаратында, бірінші қабатта орналасқан. Мейманханадан әуежайға дейін жету үшін мейманхана әкімшісіне барып, алдын ала шаттл-басқа тапсырыс беру қажет. Бүгінгі күні қала бойынша 20 кісілік шағын автобустар жұмыс жасауда. Бір жағына қарай жолақы құны 500 теңге. Шаттл-бас қонақ үйге тіпті бір жолаушы үшін де келе береді.
№501 шаттл-бастың жол-жүру бағыты:
«Әуежай-Меркур (ВАЗ) автоорталығы – Гете – Б. Хмельницкий – Райымбек батыр метро бекеті – Б.Шолақ атындағы спорт сарайы – «Атакент» көрме орталығы».
Жуықта «Әуежай-АШАЖ – Әл-Фараби даңғылы – Сайын көш. Прайм Плаза СО – Момышұлы көш. Спутник СО» бағыты бойынша жүретін №502 және «Әуежай – АШАЖ – Әл-Фараби даңғылы – Есентай СО – Қазақфильм шағын ауданы – Орбита шағын ауданы – Байқоңыр кинотеатры» бағыты бойынша жүретін №503 шағын автобустарын іске қосу көзделіп отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: