astana-view

Қайырымдылық – қадірлі іс

2016 жылғы 27 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
10585 просмотров

«Балапан» қоғамдық бірлестігі мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы ортақ меморандум бекітті 

Қайырымдылық жиі жасалған жерде жақсылық бар – «Балапан» қоғамдық бірлестігінің қызметін осылай сипаттауға болады.

Күн сайын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өз жанының бір бөлшегін сыйлайтын бірлестік мүшелері оларға арнап түрлі мерекелер өткізеді.

Бүгінде Қордың қызметі жаңа деңгейге көтерілді – ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы бірінші меморандумға қол қойылды. Аталған қадам бірлестіктің қайырымдылық жасау ниетінің шынайы екендігін дәлелдейді.

ШҚО-да  «Балапан»  қоғамдық бірлестігінің құрылуы жарқын сәттердің біріне айналған болатын. Ұйым қайырымдылық жолындағы алғашқы қадамын  мемлекеттің қамқорлығындағы 5 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетуден бастады. Тұрмысы төмен қамқоршыларымен тұратын балаларға айрықша назар аударылады. Себебі, оларға біржолғы мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қоғамның қайырымдылық мәдениетін дамытуға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ілгерілетуге бағытталған «Балапан» ҚБ мен Кәсіпкерлер палатасының ынтымақтастығы бірлестік төрағасы Ринат Халиков пен КП директоры Игорь Шацкийдің уағдаластыққа қол қоюымен бекітілді.

«Біздің өмірімізде ешнәрсе бұлайша тегін, жай жасалмайтын тәрізді көрінеді, дегенмен, қайтарымсыз қаржылық көмек деген ұғымды жиі кездестіруге болады. Осы ұғым жайында айта отырып, біз ол қолданылуы ықтимал алуан түрлі жағдайлардың үлкен шоғырына тап боламыз. Кәсіпкерлер палатасының қолдауы біз үшін маңызды. Біз бірігіп, қайырымдылық істерін көбірек жасай аламыз, мұқтаж жандарды көбірек қуанта аламыз», – деді Ринат Халиков.

Бірлестік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп қайырымдылық бағдарламаларын және бөбектер үйіне, жалғызбасты аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған жобаларды іске асыратын болады.

«Біз қайырымдылық қызметі саласына облыс кәсіпкерлерін тартуға тырысамыз. Біреулер материалдық көмек көрсетсе, енді біреулер таңертеңгіліктер, мерекелер, саяхаттар, табиғатқа серуендер ұйымдастыруға көмектесе алады», – дейді Игорь Шацкий.

Бірлестік құрылуының алғашқы кезеңінде Қазақтанның «Beeline» ұялы байланыс операторымен бірге ауқымды қайырымдылық жобасын жүзеге асырып келеді. Компания қайтарымсыз негізде арнайы 3540 нөмірін ұсынды.   Тілек білдірген әрбір адам осы нөмірге 200 теңге жолдап, қайырымдылыққа арналған қаражат жинауға қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер