astana-view

Қазақстан тауарлары Америка дүкендерінде

2016 жылғы 30 Маусым
8488 просмотров

Отандық кәсіпкерлерлер америкалық әріптестерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылайды 

Өткен жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев АҚШ-қа іссапармен барып, ол жақта Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға ниетті америкалық компаниялармен кездескен еді. Сол кезде екі тарап келесі кездесуді біздің елде өткізуді жоспарлаған.

Жақын арада «Roberts Group» компаниясының басшысы Майкл Робертс екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті нығайту мақсатында Қазақстанға келмек. Компания қазақстандық азық-түлік өнімдерін Америка нарығына шығаруға көмектесуге дайын.

Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың жай-жапсары 4 шілде күні «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында өтетін отандық тауар өндірушілер мен «Roberts Group» компаниясының кездесуі кезінде талқыланады. Оған «Баян Сұлу» Қостанай кондитерлік фабрикасы, «Цесна-Астық» корпорациясы, шарап өндіретін «Arba wine» кәсіпорны мен сусындар шығаратын «RG Brands» кәсіпорны қатысуға ниет білдірген.

Кеңейтілген отырысқа қатысқысы келген кәсіпкерлер Шағын және орта бизнесті дамыту департаментіне мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұраймыз: +7 (7172) 91 93 52.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер