astana-view

Өңірлер айрықша назарда

2016 жылғы 18 Шілде
- Ақмола облысы
8339 просмотров

Бүгінгі күні Ақмола облысында 62 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі тіркелген

Негізінен, АӨК мал шаруашылығы саласында құрылған. Олардың 26-сы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының толықтай қолдауына ие сезінген. Өңірлік даму картасы аясында 431 бизнес субъектісіне сұрау салынған. Нәтижесінде Картаға құны 6,3 млрд теңгеге тең болған 15 жоба енген. Оның 57%-ы өңдеу өнеркәсібіне,  29%-ы ауыл шаруашылығына,  14%-ы сауда мен қызмет көрсетуге тиесілі.

Бұл деректерді ӨКП директоры Еркебұлан Баяхметов Палата дирекциясы мен Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің Бурабай және Еңбекшілдер аудандарының кәсіпкерлерімен болған кездесу кезінде жеткізді.

Айта кету керек, Бурабай ауданы тұрғындары кәсіпкерлік қызметке белсене араласуымен, инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. ӨКП филиалының директоры Ерлан Ерқосай жиналғандарға қосымша қаржыландыру мен дамытуды қажет ететін  бизнес-жобаларды назарға ұсынды.

Жеке алғанда, «THM-group» ЖШС бөтелкемен минералды су шығаруды көздеп отыр. Оның меншігінде өндірістік алаңдар, жабдықтар мен ұңғымалар бар. Жоба Индустриаландыру картасы шеңберінде екі кезеңнен өткен. Алайда жобаны бастау үшін әлі де 45 млн теңгеге жуық сома қажет.

Өңірлік кеңес төрағасы Қазбек Ескендіровтің ойынша, жергілікті бизнес-қоғамдастықтың белсенділігінің артуына аудандық кәсіпкерлер кеңестерін құру септігін тигізбек. Кеңестер туындаған мәселелерді бірге шешіп, оларды реттеу жолдарын ұсынуға ғана емес, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестік орнатуға шақырылатын болады.

Кездесу қатысушыларын Өңірлік даму картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпараттандырған Еркебұлан Баяхметовтің  айтуынша, кәсіпкерлік құқықтарын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту секілді стратегиялық міндеттерге әлі де басымдық берілген. Осы жұмыс аясында Палатаға жыл басынан бері бизнесті қорғау бойынна шамамен 200 өтініш түскен, олардың жартысы оң шешімін тапқан. 14 әкімшілік кедергі анықталып, 41 млн теңгеге тарта сомаға кәсіпкерлер құқықтары қорғалды.

Талқылау барысында кәсіпкерлер бизнесті дамыту және қолдауға қатысты сұрақтар қойып, онда ұйымдастырушылар толыққанды жауап берді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер