astana-view

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Қазақстан өңірлеріне жасаған жұмыс сапарларын Маңғыстау облысымен аяқтады

2016 жылғы 20 Шілде
7197 просмотров

Бизнес-омбудсменмен өткен кездесуге облыс әкімдігі және прокуратура, сондай-ақ кәсіпкерлік және сауда басқармасы қатысып, онда Маңғыстау облысының кәсіпкерлері түйткілді мәселелерін ортаға салды.

Толғақты түйткілдердің бірі – жер мәселесі. Жер телімдерінің қолжетімсіздігіне шағымданған кәсіпкерлердің айтуынша, жергілікті билік көбіне жер телімдерін беруден және нысаналы мақсатын ауыстырудан бас тартады.

Бұл мәселеде бұзушылықтар өте көп. Жер қатынастарындағы мемлекеттік қызметтерді ұсыну реттемелері сақталмайды, жер телімдерін беруде негізсіз талаптар жиі қойылып жатады. Елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жоқ және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізуге мүмкіндік болмайды. Бұл кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі болады. Көбіне жер телімдеріне жерді пайдалану құқығын алуға, созуға берілген өтініштерді қарау мерзімдері созылып кетеді. Ақырында кәсіпкер аса зор шығын шегеді.   

«Бүгінгі таңда жетекшілік ететін мемлекеттік органдармен жұмыс топтары құрылған, оған ҰКП сарапшылары кіреді. Үнемі хабардар болып отыру үшін, барлық комиссияларға кәсіпкерлерді кіргізу қажет. Ақпараттың жеткіліксіздігі – бар түйткілдердің арқауы», - деді Болат Палымбетов.

Талданып отырған кезең ішінде, мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша түскен өтініштер жөнінде 46 хат жолданған, құқықтық қолдау көрсету тәртібінде талап арыздар, кассациялық және апелляциялық шағымдар, өзге де өтініштердің 8 жобасы жасалған. Палата сарапшылары кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, 15 сот ісіне қатысты. Палата қолдауымен 142 307 491 теңге сомасындағы қарыз кәсіпкерлер пайдасына өндіріліп алынды.

Бірінші жарты жылдық ішінде 17 әкімшілік кедергі анықталды. Олардың барлығы түйткілді мәселелер тізіліміне қосылды.

Өңір кәсіпкерлерінің бизнес-омбудсменге көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға да мүмкіндіктері болды. Әрбір мәселе болашақта шешу үшін бақылауға алынды.

Анықтама: 2014 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі, функциялары, тағайындау тәртібі және міндеттемелері жайлы, сонымен қатар оның қызметін ұйымдастыру туралы нормалармен толықтырылды. 2016 жылғы 1 желтоқсанда Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілді. Кодекстің 28 тарауы бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесін толығымен ашады. 2016 жылғы 19 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен Палымбетов Болат Әбілқасымұлы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

Уәкіл қызметке Елбасының бұйрығымен тағайындалады және Президентке ғана есеп береді. Оған қоса, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге Кәсіпкерлік кодексінде қарастырылмаған міндеттер жүктеуге ешкімнің құқы жоқ. Оның қызметіне заңсыз қандай да бір араласуға жол берілмейді.

Бизнес-омбудсменнің негізгі функцияларына кәсіпкерлердің құқақтары мен заңды мүдделерін таныту, қамтамасыз ету, қорғау және олардың өтініштерін қарау жатады. Уәкілдің атына келген әрбір өтініш бизнес-омбудсмен аппараты қызметкерлерінің бақылауына қойылып, өңделеді. Бірде-бір өтініш заңгерлік пысықтаусыз және жауапсыз қалмайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер