astana-view

Іске сәт!

2016 жылғы 25 Шілде
- Жетісу облысы
6536 просмотров

Ескелді ауданы кәсіпкерлерінің аудандық кеңесі алғашқы мәжілісін өткізу үшін дайындалу үстінде

Енді Ескелді ауданында да Кәсіпкерлер кеңесі жұмыс істей бастайды.  Палата дирекциясы бизнес қауымдастығымен болған кездесуде оларды  аудандық кеңес ережелерімен таныстырды. Сонан соң жаңа органның құрамы құрылды. Мәжіліс модераторы, Өңірлік кеңес мүшесі Жанатбек Сарғалдақов  аудандық кеңес бірден жұмысқа кірісуі тиіс дегенге нұсқады. 

«Бүгін бізді міндетті іс-қызмет аясымен , жұмыс регламентімен таныстырды. Кандидатуралар айқындалған. Енді іс-әрекетке кірісу керек.  Бұрын ресми құжатымыз болмаған, қазір бар. Кеңес мәжілістерін әр айдың бірінші жұмасында өткізуді ұсынамын», – деді ол. Аудан әкімі де бейресми  кездесулер өткізу идеясын қолдады және келелі мәселелерді аудандық кеңес мүшелерімен талқылауға дайын екендігін білдірді.

Аудандық филиал директоры Әбен Тайжанов  мәселелерді шешуде жақсы серпін бар деп атап өтті. Құқық қорғау бойынша түскен шағымдардың оннан астамы дұрыс шешілді. Сонымен қатар Ескелді ауданы «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған микронесие бағдарламасының белсенді қатысушысына айналды. 

«Аудан барлық бөлінген ақша сомасының 14%-ын игерді. Бұл бағдарлама бойынша жалпы сомасы 93,5 млн теңге 19 өтінім берілді.  Олардың 11-і 47,8 млн теңге қарыз алды.  Тағы 7 жоба қаралады. Мақұлданған барлық жобалар қызылша өсіру саласына қатысты. Кәсіпкерлер пилоттық бағдарлама үшін алғыс айтты  және шағын несие беру жыл сайынғы бағдарламаға айналады деген сенім білдірді»,  – деп атап өтті А.Тайжанов.

Қызылша өсірушілердің жұмыс нәтижелерін егіс даласынан көруге болады. Аграрийлер бөлінген қаржының қайда және қалай жұмсалатыны жайлы  айтты.

Александр Хильниченко – осы аймақтағы ең табысты және әйгілі бизнесмендердің бірі. Оны тіпті «Жетісудың бас қызылшашысы» деп атайды. Бұл жолы кәсіпкер  тұйық циклді бизнесті қалай игеріп жатқанын тілге тиек етті. 

«Бұл егістікте бидай өсіреміз, сонан соң ең жоғары, 1-2 сұрыпты  ұн өндіреміз. Цехта макаронның 20 түрін жасаймыз. Өнімді өзіміздің азық-түлік дүкендеріне жеткіземіз. Енді шұжық өнімдері өндірісін қолға алдық», – дейді А.Хильниченко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер